Кітап тұсаукесері
24 қаңтар күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Орынбай Бәлдеков» атты өмірбаяндық, тарихи-танымдық кітаптың тұсауы кесілді. Кітап Ұлы Отан соғысының ардагері, Маңғыстау өңірінің саяси-қоғамдық дамуына үлкен үлес қосқан ардақты азамат Орынбай Айтмағамбетұлы Бәлдековтің жинаған қолжазба материалдары бойынша құрастырылған. Кітапты құрастырушы - баласы Амангелді Бәлдеков. Кітапта Мұрын жырау, Сәттіғұл Жаңғабылұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Түмен Балтабасұлы, Қалнияз жырау, Кердері Әбубәкір сияқты ақын-жыраулардың өз аузынан төте жазумен жазып алған, еш жерде жарияланбаған материалдары бар.
Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...















