«Жасанды интеллект: жаһандық дамудың жаңа кезеңі»
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау» туралы жарлығына сәйкес «Жасанды интеллект: жаһандық дамудың жаңа кезеңі» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге материалдар, мақалалар, ғылыми зерттеулер және заманауи технологияларға қатысты ақпараттық ресурстар қойылды.
Көрменің мақсаты – оқырмандарды жасанды интеллекттің қазіргі мүмкіндіктерімен, ғылыми зерттеулермен, цифрлық технологиялардың қоғамдағы рөлімен таныстыру, болашақта осы саланы тереңірек түсінуге қызығушылық ояту. Кітапхана оқырмандарына материалдар мен мақалалар таныстырылып, ЖИ-дің әлеуметтік, экономикалық және ғылыми салаларға әсері түсіндірілді. Көрмеде ұсынылған ақпарат оқырмандардың технологиялық сауаттылығын арттыруға, ғылыми ізденістерге деген қызығушылығын оятуға бағытталды.
Жылдың бірінші тоқсанында кітапханаға саяхатқа келген студенттер мен оқытушылар, оқырмандар мен қала тұрғындары жасанды интеллекттің қоғам өміріндегі маңызы, оның білім беру, экономика және ғылым салаларындағы қолданысы жөнінде мәлімет алды. Сонымен қатар, олар көрмедегі материалдарды қарап, жаңа технологиялардың болашағы туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
22 қазан күні оқу залында"Әруағыңнан айналайын Ер Бекет"атты әңгімеБекет атаның ...
Ақын, Қазақстан Халық жазушысы ,КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ж. ...
15 қазан күні Өнер бөлімі «Екі өмір,екі тағдыр» атты әдеби – музыкалық ...
Жасөспірімдер бөлімі Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылындағы №9 орта ...
Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...



















