«Жыр мен жүрек үндестігі» поэзия кеші
Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастырумен 14 сәуір күні көрнекті ақын, аудармашы Шөмішбай Сариевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Жыр мен жүрек үндестігі» атты поэзия кеші жоғары деңгейде өтті. Онлайн кездесу Zoom платформасы арқылы Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымымен бірлесе ұйымдастырылды.
Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – құрметті қонағымыз, ақынның өмірлік серігі Жұмагүл Сариева ханыммен онлайн кездесу және ақынның інісі Жаңабай Сариевпен дәстүрлі жүздесу болды. Жұмагүл Қаженқызы оқырмандардың ақын шығармашылығы мен өмір жолына қатысты қойған сұрақтарына мазмұнды жауап беріп, естеліктерімен бөлісті.
Шара барысында ақынның «Бәрінен де не қымбат?», «Көңілің үстем патшадай», «Сәуір», «Күзде құстар тастап ұшар ұясын...» сынды сыршыл өлеңдері оқылып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Сонымен қатар, Шөмішбай Сариев – 300-ден астам халық жүрегіне жол тапқан ән мәтіндерінің авторы екені атап өтілді. Кеш барысында ақын сөзіне жазылған «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Дос керек», «Қайран уақыт», «Арман жолдар», «Сыбызғы – сазсырнай» сияқты әндер шырқалып, кеш көркін қыздырды.
Аталған шараға Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Жоғарғы педагогикалық колледжі студенттері, Ақтау қаласындағы Баянды ауылы №3 мектеп оқушылары, М. Әуезов атындағы №20 мектеп және «Квант» мектебінің оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Поэзия кеші жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ақын мұрасын насихаттауда маңызды рухани іс-шара ретінде өз деңгейінде өтті.
Жыл сайын 2-сәуір балалар кітабы мерекесі апталықтармен аталып өтеді. Апталық ...
Дүниежүзілік өзекті мәселеге айналған терроризм, эстремизм туралы мәселелер ...
ХҮІІІ ғасырда Маңғыстау өлкесінде Адайлардың түпкілікті қоныстана бастауында ...
Ақбөбек-Қайып оқиғасы Маңғыстау жұртшылығына жақсы таныс. Ол жөнінде мың ...
"Кітап қорын сақтау" бөліміне келген жаңа кітаптармен таныстыру барысында. ...
Амал – жыл басы. Наурыздың 14-і күні есік ашатын бұл мерекенің тәрбиелік мәні ...
7 наурыз күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастырумен "Әйел- Ана ...
28 ақпанда Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының балалар бөлімі ...
М. Өскінбаев атындағы облыстық филармония залында "Жырым қалсын жанымның ...
23 ақпан күні оқу залында халық әртісі, актриса Хадиша Бөкееваның туғанына 100 жыл ...
























