«Ваш топ 5» әдеби клубы
Абонемент секторының «Ваш топ 5» орыс тілді клуб мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Кітапхана клубы жұмысы аясында абонемент бөлімінің тұрақты оқырмандары арасында оқыған кітаптары бойынша ой бөлісу, пікір алмасу кездесулері жүйелі түрде ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқыған шығармаларын терең түсініп, талдай білу дағдыларын қалыптастыру және оқу мәдениетін дамыту болды.
Кездесу барысында оқырмандар өздеріне ерекше әсер еткен шығармалар туралы пікірлерін ортаға салып, кейіпкерлердің мінез-құлқы, шығармада көтерілген тақырыптар мен авторлық идея жөнінде ой қозғады. Әр оқырман оқыған кітабы арқылы алған рухани әсерімен, өмірлік түйген ойларымен бөлісіп, өзара еркін диалог орнады.
Мұндай пікір алмасу алаңдары оқырмандардың шығармашылық ойлауын дамытуға, кітапты саналы түрде оқуға баулуға және кітапхана клубының белсенді жұмыс істеуіне ықпал етті. Сонымен қатар, тұрақты оқырмандардың кітапханаға деген қызығушылығы артып, жаңа әдебиеттерді оқуға деген ынтасы күшейе түсті. https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DVDlEV4CHgS/
Кітапханадағы әдеби клубтарына шақырамыз!
22 қазан күні оқу залында"Әруағыңнан айналайын Ер Бекет"атты әңгімеБекет атаның ...
Ақын, Қазақстан Халық жазушысы ,КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ж. ...
15 қазан күні Өнер бөлімі «Екі өмір,екі тағдыр» атты әдеби – музыкалық ...
Жасөспірімдер бөлімі Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылындағы №9 орта ...
Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...



















