«Химия – өмірдің ажырамас бөлігі»
20-мамыр күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Техникалық әдебиет бөлімінде 26-мамыр - Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің мерекесіне орай «Химия – өмірдің ажырамас бөлігі» атты ақпараттық сағат өтті. Шара қонақтары: КазАзот электроцех участок басшысы Изимбергенов Джанибек Лесханұлы; КазАзот химиялық талдау зертханашысы Асқарова Камшат болды. Шараға МЭК, АТКС, ALT колледжі студенттері қатысты.
Химия – ғылым мен өндірісті байланыстыратын, адам өмірінің саласына үлес қосатын маңызды сала. Шара өте жоғары деңгейде өтті, студенттерге қонақтар бағыт-бағдар беріп, химия саласы өте қауіпті, қиын мамандық екенін, жұмысты өте сақтықпен, ұқыпты жасау керектігін түсіндірді. Студенттер сұрақ қойып, өз жауаптарын алды.
https://www.instagram.com/reel/DYj1jlEIvWh/?igsh=MTVxbmF6aGNrYzNiaQ
Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...
















