Кітапханадағы іс-шаралар
Биылғы жылдың мамыр айында Маңғыстау облыстық кітапханасында түрлі мәдени-әдеби, патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Соның ішінде Балаларға арналған әдебиеттер бөлімінде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту мақсатында «Бірлігі жарасқан - Қазақстан» атты көрме ұйымдастырылып мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне таныстырылды.
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай оқушыларға қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту, балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу мақсатымен «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылып, өткізілді Шараға қаламыздағы №33 мектептің 4 сынып оқушылары , №34 «Болашақ» балабақшасының балалары қатысты. Балалар патриоттық өлеңдер оқыды, әндер орындады.
15-мамыр күні балалар жазушысы М. Етекбаевтың 90 жылдығына орай «Алатау ертегілері» шығармасын суреттеу арқылы жақсылық пен жамандықтың күресін, еңбекқорлық, үлкенді құрметтеу, мейірімділік, табиғатты қорғау сияқты құндылықтарды балалар арасында насихаттай отырып кітапханашылар ЖИ бойынша талдап суреттеу сағатын өткізді. «Алатау ертегілері» оқырмандарды туған жерді сүюге, табиғатты аялауға және адамгершілік қасиеттерді қадірлеуге тәрбиелейді.
https://www.instagram.com/balalar_bolimi?igsh=ZGs4NjJvb2RlZGx4
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен №2201 әскери бөлімінде ақын, ағартушы, ...
Қазанның 20 жұлдызында «Өнер» секторында «Өнер» атты кестемен сурет тігу клубы өз ...
22 қазан күні оқу залында"Әруағыңнан айналайын Ер Бекет"атты әңгімеБекет атаның ...
Ақын, Қазақстан Халық жазушысы ,КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ж. ...
15 қазан күні Өнер бөлімі «Екі өмір,екі тағдыр» атты әдеби – музыкалық ...
Жасөспірімдер бөлімі Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылындағы №9 орта ...
Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...





















