"Домбыра - ұлт бойтұмары"
Елімізде шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленген.
Ұлттық аспабымыздың бүгінде заманауи музыка өнеріне бейімделіп, дүние жүзінің сахнасында қазақ өнерін танытуға үлкен үлесі бар, домбыраның қасиеті қазақ өмірінде алатын орны ерекше.
Ұлттық Домбыра күніне орай Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімі қоғамдық көлікте "Домбыра - ұлт бойтұмары" атты көшпелі кітапхана акциясын өткізді.
Акция барысында қоғамдық көлікте күйшілердің орындауында қазақтың халық күйлері орындалып, домбыраның күмбірлеген үні жолаушыларға ерекше рухани әсер сыйлады. Сондай-ақ қазақ ақындарының домбыраға арналған сырлы өлеңдері оқылып, ұлттық өнер мен рухани мұрамыздың құндылығы кеңінен насихатталды.
Іс-шара аясында кітапхана қорындағы домбыра өнері, күй мәдениеті және ұлттық мұраға арналған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалып, жолаушыларға кітаптар таныстырылды. Сонымен қатар, танымдық викторина ұйымдастырылып, ұлттық өнерге қатысты сұрақтарға белсене қатысып, дұрыс жауап берген жолаушыларға кітапхана атынан арнайы сыйлықтар табысталды.
Көшпелі кітапхана акциясы жолаушылардың қызығушылығын оятып, жылы лебізге ие болды. Бұл тағылымды шара ұлттық өнерімізді дәріптеуге, кітап оқуды насихаттауға және халқымыздың баға жетпес мәдени мұрасын кеңінен танытуға өз үлесін қосты. Қатысушылар саны: 121 адам. https://www.instagram.com/reel/DaQyJDQINr9/?igsh=MTU2OGRiN3k0aHpuaw==
Баршаңызды Ұлы мұрамызды ұлықтайтын Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен №2201 әскери бөлімінде ақын, ағартушы, ...
Қазанның 20 жұлдызында «Өнер» секторында «Өнер» атты кестемен сурет тігу клубы өз ...
22 қазан күні оқу залында"Әруағыңнан айналайын Ер Бекет"атты әңгімеБекет атаның ...
Ақын, Қазақстан Халық жазушысы ,КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ж. ...
15 қазан күні Өнер бөлімі «Екі өмір,екі тағдыр» атты әдеби – музыкалық ...
Жасөспірімдер бөлімі Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылындағы №9 орта ...
Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...





















