«LikeBook»
Қыркүйек айында Маңғыстау облыстық кітапхананың жасөспірімдер бөлімінде, жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау, оқырмандар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «LikeBook» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында қатысушыларға кітапхананың жаңа және көпшілік сұранысына ие әдебиеттері таныстырылып, кітап оқу мәдениеті мен оның адам өміріндегі маңызы туралы әңгіме жүргізілді.
Оқырмандар өздерінің сүйікті кітаптары мен авторлары туралы ой бөлісіп, бір-біріне оқуға тұрарлық шығармаларды ұсынды. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар көрмеге қойылған әдебиеттермен танысты. Қызықты сұрақ-жауап ұйымдастырылып, белсенділік танытқан оқырмандарға алғыс білдірілді.
https://www.instagram.com/reel/DdoTb7LoBT0/?stkn=cjNzbzQ3dmd2djVv
13-қазан күні оқу залында жасөспірімдер бөлімі қаладағы колледж студенттері ...
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның Еңбек ері, халық ...
Астанада 1-2 қазанда Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының мәдениет күндері өтті.. ...
Кітапханамыздың өнер бөлімінде 1 қазан – Халықаралық музыка күніне арналған ...
Кітапханалық қызмет көрсету кешенді машинасымен 8,9 қыркүйек күндері Атамекен ...
2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан ...
1 Мамыр-Қазақстан Халқының бірлігі күніне орай №8 орта мектебінің 9 сынып ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Маңғыстау облысы ...
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және ...
Ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ...
























