• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Құқықтық сауаттылық – өмірлік қажеттілік»

Маңғыстау облыстық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 24 қыркүйек күні №24 жалпы білім беретін мектепте жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Заң және тәртіп» жобасы аясында «Менің құқығым – менің міндетім» тақырыбында пікірталас өткізілді.

Пікірталас барысында оқушыларға адам құқықтары, бала құқықтары, азаматтардың міндеттері және заң алдындағы жауапкершілік туралы түсініктер берілді. Құқық пен міндеттің өзара байланысы, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, өзгенің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мәселелері талқыланды.

Оқушылар пікірталасқа белсенді қатысып, өз ойларын еркін білдірді. Түрлі құқықтық жағдаяттарды талдап, сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін толықтырды. 

Сонымен қатар «Құқықтық сауаттылық – өмірлік қажеттілік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды. Көрмеге құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған әдебиеттер қойылып, кітаптардың мазмұны туралы ақпарат берілді. 

Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге, заң талаптарын сақтауға тәрбиелеу, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және заңға деген құрметін арттыру. Қатысушылар саны: 123 адам

https://www.instagram.com/reel/Dd14k2nITGg/?stkn=MTA5Z3IwbDVhZGJ0NA




7 Сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күніне орай жасөспірімдер бөлімінің ...

Жаңалыққа өту  

2  сәуір- Халықаралық  балалар  кітабы  күніне орай  балалар  бөлімінде  2- ...

Жаңалыққа өту  

Қазақтың маңдайына біткен марқасқа ұлдарының бірі, Қазақстан Республикасының ...

Жаңалыққа өту  

Оқырмандарға  қызмет көрсету және жасөспірімдер бөлімімен бірлесе  отырып, ...

Жаңалыққа өту  

Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау өлкесінің көрнекті ақыны, ...

Жаңалыққа өту  

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Ана тілің – арың бұл» атты ...

Жаңалыққа өту  

Жасөспірімдер бөлімі балалар бөлімімен бірлесе отырып  «Атом жарылысының ...

Жаңалыққа өту  

Қазақстанның "Мәдени мұрасы" Мемлекеттік бағдарламасы «Мәдени мұра» ...

Жаңалыққа өту  

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторында Ұлт тәуелсіздігінің ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу