• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Сезім сыры» кітабының таныстырылымы өтті

26 тамыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Журналистер Одағының және Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, сазгер, "Өнер" мекемесі жанынан құрылған "Асыл Мұра" халықтық фольклорлық ансамблінің жетекшісі, сазгер Қаракөз Кемерованың «Сезім сыры» атты жаңа жинағының салтанатты таныстырылымы өтті. Шара барысында сазгердің өмір жолы мен шығармашылығынан сыр шертетін арнайы бейнероликтер көрсетіліп, автордың өз орындауындағы әуезді әндері тыңдалды. Сондай-ақ дәстүрімізге сай шақырылған қонақтардан «қонақкәде» сұралып, кеш одан әрі әсем ән мен мағыналы сұхбатқа ұласты. Аталған еңбекте автордың нотасымен берілген жүрекжарды әндері мен балаларға арналған арнаулы туындылары топтастырылған. Тұсаукесерге шақырылған құрметті қонақтар — П. Сармурзина, С. Рзахметов, К. Ыбырайұлы және А. Зейілова арнайы қатысып, автордың шығармашылығына жоғары баға беріп, жылы лебіздерін білдірді.  https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DcgNEXPorj9/

 



15 қазан күні  Өнер бөлімі «Екі өмір,екі тағдыр» атты әдеби – музыкалық ...

Жаңалыққа өту  

Жасөспірімдер бөлімі Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылындағы №9 орта ...

Жаңалыққа өту  

Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...

Жаңалыққа өту  

Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу