«LikeBook»
Қыркүйек айында Маңғыстау облыстық кітапхананың жасөспірімдер бөлімінде, жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау, оқырмандар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «LikeBook» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында қатысушыларға кітапхананың жаңа және көпшілік сұранысына ие әдебиеттері таныстырылып, кітап оқу мәдениеті мен оның адам өміріндегі маңызы туралы әңгіме жүргізілді.
Оқырмандар өздерінің сүйікті кітаптары мен авторлары туралы ой бөлісіп, бір-біріне оқуға тұрарлық шығармаларды ұсынды. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар көрмеге қойылған әдебиеттермен танысты. Қызықты сұрақ-жауап ұйымдастырылып, белсенділік танытқан оқырмандарға алғыс білдірілді.
https://www.instagram.com/reel/DdoTb7LoBT0/?stkn=cjNzbzQ3dmd2djVv
Ақын, Қазақстан Халық жазушысы ,КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ж. ...
15 қазан күні Өнер бөлімі «Екі өмір,екі тағдыр» атты әдеби – музыкалық ...
Жасөспірімдер бөлімі Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылындағы №9 орта ...
Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...


















