Мотивациялық кездесулер
2025 жылдың 6 қарашасында Облыстық кітапханасының Маңғыстау Креатив Алаңында отбасылық құндылықтарға арналған тақырыптық тренинг өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Аралбаев Қанат, ал тренингтің негізгі спикері ретінде Оразымбетова Алмагүл Багиевна қатысты.
Тренинг қатысушыларға отбасы ішіндегі қарым-қатынасты нығайту, ата-ана мен бала арасындағы түсіністікті арттыру, сондай-ақ отбасылық тәрбие мен құндылықтарды дамытуға арналған маңызды мәліметтер ұсынылды.
Оқытушы қатысушылармен интерактивті тапсырмалар орындап, тәжірибелік мысалдар арқылы отбасыдағы үйлесімділікті сақтау жолдарын түсіндірді.
08.11.25 Ақындарға арналған «Алтынкөпірліктер поэзиясы» атты мастер-класс ұйымдастырылды. Шараны Алия Исаева жүргізіп, қатысушыларға поэзия жазу техникасы, шығармашылық ойды дамыту және өлең құрастыру жолдары туралы құнды ақпарат берілді. Кездесу барысында қатысушылар өз шығармаларын оқып, бір-бірімен тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар 15:00-18:00 аралығында экологиялық бағыттағы маңызды іс-шара өтті. Бұл жиынды Бейсембаева Сабина, “Клуб добряков” волонтерлық топының жетекшісі, сондай-ақ “Zhasyl mektep” ҚБ бірлесе ұйымдастырды.
Іс-шараның басты тақырыбы – “Табиғатты қорғау – жастардың миссиясы” болды. Кездесу барысында экологиялық бейнероликтер байқауының нәтижесі жарияланып, жеңімпаздар арнайы марапатталды.
Бұл іс-шарада жастар арасында экологиялық сананы арттыруға бағытталған маңызды жұмыс жүргізілді.
2025 жылдың 10 қарашасында маңызды әдеби-шығармашылық бағыттағы кездесу кеші өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы — Алия Исаева.
Бұл шара «Сөз киесі мен ақын миссиясы» атты тақырып аясында өтті және әдебиет сүйер қауым мен жас қаламгерлер үшін өте құнды әрі мазмұнды кездесу болды. Кештің ерекше қонағы — Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі ақын Айт-Ман-Светқали Нұржанұлы.
Кеш барысында ақын шығармашылық жолындағы тәжірибесімен, поэтикалық дүниетанымымен бөлісіп, ақындықтың қоғамдағы рөлі, сөз киесінің философиялық мәні, қаламгердің жауапкершілігі туралы терең ой қозғады. Қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, еркін форматта пікір алмасу өтті.
Іс-шараға келген қатысушылар ақынның ой-толғамдарын тыңдап, әдебиет әлемінің тереңдігін сезініп, шығармашылыққа деген ынтасын арттырды. Кездесу рухани тұрғыдан мағыналы өтіп, қатысушылар үшін өте әсерлі мәдени басқосу болды.
Қараша айының тағы бір маңызды іс-шарасы — Республика жастарының жиналысы болды. Кездесуді ұйымдастырған — Ермұхан Рахметоллаұлы.
Кездесу барысында жастар саясат, қоғамдық белсенділік, еріктілік, білім беру және әлеуметтік жобалар жөнінде пікір алмасты. Сонымен бірге жастардың жеке бастамалары мен болашаққа арналған ұсыныстарын талқылау үшін ашық пікірталас ұйымдастырылды. Қатысушылардың әрқайсысы өз ойы мен ұсынысын білдіріп, ортақ мәселелер бойынша ортақ шешімдер қабылдауға атсалысты.
2025 жылдың 13-14 қарашасында маңызды әлеуметтік сипаттағы психологиялық семинар өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы — Асылжан Асылбекұлы, «Маңғыстау облысының дін істері басқармасының» өкілі.
Кездесу барысында қатысушыларға діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін әсері, оның алдын алу жолдары және психологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ экстремистік идеологияның таралу механизмдері, оған қарсы іс-қимыл шаралары және жастармен жүргізілетін алдын алу жұмыстары талқыланды.
Семинар аясында тыңдаушыларға нақты мысалдар келтіріліп, қауіпті жағдайларды анықтау және олардан сақтану тәсілдері бойынша практикалық кеңестер берілді.
Бұл семинарға қатысушылар тақырыптың өзектілігіне байланысты жоғары қызығушылық танытты.
2025 жылдың 16 қарашасында маңызды саяси және қоғамдық сипаттағы іс-шара өткізілді. Шараның ұйымдастырушысы — Ермұхан Рахметоллаұлы, сондай-ақ оны Республика партиясының Маңғыстау облыстық филиалының Жастар қанаты ұйымдастырды.
Іс-шараның басты тақырыбы — “Respublica Jastary” Жастар қанатының жаңа мүшелеріне партиялық билет пен төсбелгі табыстау рәсімі болды. Шараға қатысушылар жаңа мүшелерді құттықтап, партиялық қызметке деген ынтасын арттыру мақсатында арнайы рәсім ұйымдастырылды.
Рәсімді Нұржігіт Хайрулла, партия филиалының Төрағасы жүргізіп, жаңа мүшелерге партиялық билеттер мен төсбелгілерді табыс етті. Сондай-ақ спикер жастарды партия қызметіне белсенді қатысуға шақырып, олардың қоғамдағы рөлін және жауапкершілігін түсіндірді.
2025 жылдың 19 қарашасында қоғамдық-саяси және әйелдер қозғалысына бағытталған маңызды іс-шара өтті. Шараны ұйымдастырған — Бейсембаева Сабина, Respublica партиясы және Re.Women қауымдастығы.
Іс-шара Re.Women қауымдастығына жаңа мүшелерді марапаттау рәсіміне арналды. Рәсім барысында жаңа мүшелер қауымдастыққа ресми қабылданып, марапаттар мен арнайы сертификаттар табысталды.
Қатысушыларға қауымдастықтың мақсаттары мен алдағы жоспарлары, әйелдер арасындағы әлеуметтік белсенділікті арттыру жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар жаңа мүшелер өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салып, белсенді қатысуға ниеттерін білдірді.
2025 жылдың 20 қарашасында республикалық деңгейдегі маңызды тренинг өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы — Милана Елеусинова.
Тренингтің тақырыбы — Психологтарды қолдау орталығының «Психологтарды тегін оқыту» бағдарламасы болды. Іс-шараға республикалық деңгейдегі тәжірибелі тренерлер қатысып, психологтарға арналған білім беру және кәсіби дағдыларды жетілдіру бағытындағы сабақтар өткізді.
Тренинг барысында қатысушыларға психологиялық әдістер, кәсіби қолдау тәсілдері, клиентпен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары туралы кең көлемде ақпарат берілді. Сонымен қатар қатысушылар практикалық жаттығулар арқылы өз білімдерін қолдану мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шараға қатысушылар белсенді түрде пікірталасқа қатысып, тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Бұл тренинг психологтар үшін кәсіби шеберлікті арттыруға, жаңа әдістер мен тәсілдерді үйренуге мүмкіндік беретін маңызды оқиға болды.
Аралбаев Қанатпен мотивациялық кездесу.
Бұл кездесуде Аралбаев Қанат мырза тиімді мотивацияның құпиялары, мақсат қою, өз-өзіңді дамыту, сенімділік пен табандылық қалыптастыру туралы жан-жақты әңгімелейді. Қатысушылар шынайы өмірден алынған мысалдар, практикалық кеңестер және адам психологиясына қатысты пайдалы ақпараттармен бөлісті. Кездесу энергияға толы, шабыт сыйлайтын форматта өткізіліп, әр қатысушы өзіне жаңа серпін алып шықты.
Жазушы Эльвира Жусупбекованың екі тілде шығарған «Ішкі жан дүниеңнің ...
2025 жыл - «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында облыстық кітапханасының ...
Әрбір халықтың рухани құндылығы – оның ұлттық мәдениетінің алтын қоры. Осындай ...
Облыстық кітапхана — өңіріміздің аса ірі ақпараттық және мәдени ...
27 ақпан күні жазушы, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлының «Ұстаз ұлағаты» атты ...
Маңғыстау облыстық кітапханасы облыс шеңберінде ғана емес, республикалық, ...
Маңғыстау облыс кітапханаларында 16-шілде мен 10-тамыз аралығында «100 кітап» ...
29 қаңтар күні Мерзімді басылымдар залында «Казправда - журналистік шеберліктің ...
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай кітапхана қызметкерлері мен ...
23 сәуір — Ұлттық кітап күні. Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір ...







__879cf6c521c4aae278acae072ec3493a.png)
















