• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 08:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Ұлттық кітап күні аясында

23 сәуір — Ұлттық кітап күні.

Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір — Ұлттық кітап күні» бекітілді.

Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді

Облыстық кітапханамызда 16-23 сәуір аралығында Ұлттық кітап күніне орай әдеби-мерекелік апталық өтті.

16-сәуір күні Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасында «Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында өтетін «Мәртебелі кітап», Жаңа кітаптар көрмесі», «Жәрмеңкелерін   ұйымдастыру: жегілікті авторлар мен баспалармен, жаңа кітаптармен танысу және кітап сату дүкендерімен біріккен шаралар өтті. Сол шараға  кітапхана оқырмандарымен келушілері қатысты.

«Жас қанат»  мектеп лицей мұғалімі Сұлтан Тайғарин  7-8 сынып оқушыларын алып келіп, техникалық әдебиет бөлімнің жаңа кітаптарымен танысып және «Жұмысшы мамандықтар жылына»  байланысты кітаптарды көріп, осы кітаптар жастарға тәлім –  тәрбие, бағыт - бағдар беретінін айтып, кітапхана ұжымдарына өзінің жылы лебізін білдіріп, сұхбат берді.    

18 сәуір күні Республикалық «Ұлттық кітап күні» және «Қазақ хандығының 560 жылдық» мерейтойына орай,  «Тарих және болашақ» тақырыбындағы  куиз өтті.  Ойын 5 кезеңнен тұрды және 4 топ қатысты. Сұрақтар  жалпы тарих, әдебиет, салт-дәстүр, физика, математика, спорт, кино, география салаларына қатысты болды. Әр кезең сайын ойын ережелері айтылып отырды.  Ойын тартысты өтті.  Жеңімпаздар марапатталып, сыйлықтар берілді. Шараның мақсаты ұлт тарихын насихаттай отырып, жастардың ой-өрісін.білімін жетілдіру. Жан–жақты дамуға ықпал ету. Қазақтың ертеден келе жатқан төл тарихын құрметтеуге, елін –жерін қастерлеуге тәрбиелеу. Жастардың дүниетанымын кеңейту.

Сол күннің кешкі уақытында «Ұлттық кітап күні» апталығы аясында  «Саз бен сөздің сырлы түні» атты Кітапхана түні ұйымдастырылды. «Үздік кітаптар шеруі» шарасы және биылғы мерейтой иелерінің өлеңдері мен сөзіне жазылған әндер орындалды. Атап айтсақ, Абай Құнанбаев 180жыл, Қадыр МырзаӘли 90 жыл, Тұманбай Молдағалиев 90 жыл, Жұмекен Нәжімеденов 90 жыл т.с.с. Шараға ШАМ дамушы орталық, «Тұлға боламын» жобасының авторы Сұлтан Тайғарин оқушыларымен, НИШ зияткерлік мектебінің оқушылары мен кітапханашылары және тұрақты оқырмандарымыз белсене қатысты. 

19.04.2025 ж.  Ұлттық кітап күні аясында балалар бөлімінде «Сиқырлы кітаптың сыры» атты ертегі терапия өткізілді. Мақсаты: балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, ертегі терапиясы арқылы дүниетанымын, қиялын,ойлау қабілеттерін кеңейту, шеберлік қабілеттерін қалыптастыру, адамгершілікке, адалдыққа, достықты қадірлеуге үйрету. Балаларға ертегілер дауыстап, рөлге бөліп оқытылды. Балалар «Жеті лақ» ертегісінен көріністер, қойылым қойды. Шараға «Айгөлек» әдеби-танымдық клубының оқырмандары қатысты. 

23.04.2025 ж. Ұлттық кітап күні аясында,балалар жазушысы Сансызбай Сарғасқаевтың 100 жылдығына орай «Тәмпіш қара» шығармасына  әдеби-интеллектуалды сайыс өткізілді.  Мақсаты: Балаларға жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, шығарманың желісін білу, мазмұнын түсіну.  Адамгершілікті, еңбексүйгіштікті,әділдікті, достықты үлгі тұту. Сайыс 2 бөлімнен тұрды:  «Сиқырлы ұяшықтар», «Сен білесің бе?» бұл бөлімдерде балалар шығарма желісі бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, таным көкжиегі мен білімдерін ортаға салды. Шараға қаламыздағы №19 мектеп-гимназиясы, №12 орта мектеп, №32 орта мектеп оқушылары белсене қатысты. 

23.04.2025 ж.  23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған әдеби апталықтың жабылу салтанаты өтті. Салтанатты кеште апталықтың белсенді, қатысқан оқырмандары мен қолдау білдірген жандар арнайы марапаттармен және алғыс хатпен марапатталды. 

https://www.instagram.com/reel/DI0fWtwz6fz/?igsh=MXh2MWo0cDJhbmx6MQ=


 

 



6-маусым күні облыстық кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінің ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық  кітапханасының балалар бөлімі 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау ...

Жаңалыққа өту  

31 мамыр – Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Тәуелсіздік ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін 24 мамыр күні Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасының техникалық ...

Жаңалыққа өту  

ХАЛҚЫ ҰНАТҚАН ҚАҒАЗОВ «Қазақстан десек — Қонаев, Маңғыстау десек — Қағазов ...

Жаңалыққа өту  

12-мамыр күні облыстық кітапханасының өнер бөлімінде Қазақстандық белгілі ...

Жаңалыққа өту  

Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке. Биыл адамзат тарихындағы ең ...

Жаңалыққа өту  

03-04.05.23 ж. облыстық кітапханасында жас маман кітапханашыларына кезекті сабақтар ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық кітапханасында батыр, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 ...

Жаңалыққа өту  

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу