"Ең үздік бейнежазба" сайысы. Республикалық акциясы аясында
Ұлт ұстазына арналған сайыс мәресіне жетті!
ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен жыл сайын өтіп жатқан республикалық "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы биыл ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері мен қанатты сөздерінің жинағын оқуға арналған еді.
Осы акция аясында Қ.Сыдиықов атындағы облыстық кітапхана мен "Айрық" қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастырған "Ең үздік бейнежазба" сайысы өз мәресіне жетті.
Бұл жолы Маңғыстау ауданының аса белсенділік танытқанын айта кету ләзім.
Сонымен, сайыс қорытындысы бойынша:
дәрежелі диплом
Маңғыстау ауданы 7 мектеп-лицейінің оқушылары
Орынғали Еркеназ бен Серікова Мөлдір (бірлескен жұмыс)
дәрежелі диплом
Қазына Бақытжанқызы-
Маңғыстау ауданы Ақшымырау ауылындағы Т.Әлниязұлы атындағы мектеп оқушысы
дәрежелі диплом
Бекзат Рахмет-
Маңғыстау ауданының Мекерия Атымов атындағы мектебі оқушысы
Ынталандыру дипломы
Махмуд Ерасыл-
Мұнайлы ауданының 7 мектебі оқушысы.
Бұл оқушыларға диплом және “MARWIN” кітап дүкенінің сертификаты табысталды.
Төмендегі оқушылар белсенділіктері үшін Алғыс хатпен марапатталды:
Мұхамедибрахим Омар,
Ақмұрза Әлихан-
Қарақия ауданының 8 мектебі оқушылары
Альберт Айзат,
Аманқос Қарақат,
Сырым Қарақат-
Маңғыстау ауданының Н.Жұбаев атындағы мектебі оқушылары.
Ұлт ұстазын тануға деген ынта-ықыластары мен белсенділіктері үшін балалардың ата- аналары мен жетекшілеріне ерекше алғысымызды білдіреміз.
Марапаттарыңыз құтты, мерейлеріңіз үстем болсын! #ahmetbaytursunulikazakhstan #бірелбіркітап2022 #сайыс #ахметбайтұрсынұлы150жыл
16 қыркүйек күні облыстық кітапханасында ақын, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби ...
Облысымызда отбасы күніне орай кимешек киген аналар шеруі ұйымдастырылып, ...
7 қыркүйек күні облыстық кітапханасының өнер бөлімінде Қазақстандық және ...
Елiне асығып, туған жерiнiң топырағын иiскеу бақытына ие бола алмай жүрген ...
22 шілде күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында "Өзі батыр әрі би Бабық ...
18-19 шілде күндері облыстық кітапханада "ҚИССА сүл-әнбия", "Бейсен және болмыс" ...
" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН". Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау ...
Жақында кітапхана қорынан ала аласыздар! ...
⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, ...
Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні! Құрметті оқырмандар! Сіздерді ...