• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Дәстүрлі дойбыдан және шоудаун жарысы өткізілді

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Маңғыстау облыстық Қазақ Зағиптар қоғамымы мен Зағип жандарға арналған кітапхана филиалы бірлесіп зағип және нашар көретін оқырмандар арасында дәстүрлі дойбыдан және шоудаун жарысы өткізілді. Шараның басты мақсаты – ерекше жандардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және мерекелік көңіл-күй сыйлау болды.

       Жарыс барысында қатысушылар ептілік пен шапшаңдық танытып, ойынға деген қызығушылықтарын көрсетті. Шоудаун ойыны зағип жандардың есту, сезіну және жылдам шешім қабылдау қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берді. Қатысушылар бір-біріне құрмет көрсетіп, достық атмосферада тартысты ойын көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша үздік ойыншылар марапатталып, белсенді қатысушыларға алғыс білдірілді. Дойбыдан кітапханамыздың қоғамдық қызметкері Ыбыраев Қуаныш ерлер арасында І орынды иеленді. Мерекелік шара оқырмандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ерекше әсер қалдырды.

6 мамыр күні Ақтау қаласындағы Достық үйінде ҚР Парламенті Сенатының “Senat Open” ашық біріншілігі аясында Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі саласы қызметкерлері арасында іріктеу турнирі өтті.

Турнир барысында қатысушылар өзара бақ сынап, жоғары дайындық пен табандылық көрсетті. Кітапхана қызметкері Саида Кусаинова мен Ыбыраев Қуаныш жарысқа белсенді қатысып, шебер ойын көрсетті. Алайда, өкінішке орай ½ финалға өте алмай қалды. Бұл жолы келесі кезеңге өте алмағанымен, әр жарыс – үлкен тәжірибе мен жаңа белеске бастар қадам екені сөзсіз.

Осындай додаға қатысудың өзі — батылдық пен ізденістің белгісі. Алдағы уақытта биік жетістіктер мен жарқын жеңістерге жете беруіне тілектеспіз. Қатысушыға сәттілік пен жаңа жеңістер серік болсын!

 



13 ақпан күні Облыстық кітапханасында өзінің саналы ғұмырын ғылым жолына арнаған ...

Жаңалыққа өту  

Шетел әдебиеттерді насихаттау мақсатымен облыстық кітапханасының Шетел ...

Жаңалыққа өту  

Ұлы Отан соғысы – тек майдан даласындағы ерлік қана емес, сондай-ақ тылдағы ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық кітапханасында және аудан, қалалық кітапханаларында ...

Жаңалыққа өту  

25 қыркүйек - Өлкетану залы  Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Ерен еңбегі ...

Жаңалыққа өту  

11 қыркүйек - Отбасы күні аясында «Бақыт кілті – отбасында» атты сайыс ...

Жаңалыққа өту  

2025 жылдың қыркүйек айында облыстық кітапханасының Маңғыстау Креатив алаңы ...

Жаңалыққа өту  

   Облыстық кітапханасының Шетел әдебиеттері залында  шілде, тамыз және ...

Жаңалыққа өту  

2025 жылдың тамыз айы Маңғыстау креатив алаңы үшін ерекше белсенділікпен өтті. ...

Жаңалыққа өту  

2025 жылдың шілде айында Маңғыстау креатив алаңы қоғамдық белсенділер мен ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу