" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН".
" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН".
Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы
Өлкетану залында
Өлкенің ақын қызы
Балдай Көшкінқызына арналған танымдық сағат өткізілді.
Бес жаста сабақ көрдім әріп танып.
Тоғызда үмбет болдым Құран алып,
Он үште қыздың құрып салтанатын
Шеріттім домбыраны тыңқылдатып.
Он үште көмейіме сөз құйылды
Бағымды сынап көрдім тойға барып,
"Ақын" деп он төртімде ел таныды
Жиында шыққаннан соң топты жарып.
Он төртте ел таныған болдым Балдай.
Бұлбұлдай сұңқылдаған тіл мен таңдай
Ақ маңдай, алма мойын, сұлу мүсін
Жайнаған екі көзім жаққан шамдай.
Деп жырлап кеткен
Балдай Көшкінқызы Маңғыстау топырағында туған.
Жасы 18 келіп, айттырулы жеріне ұзатылып кеткенге дейін Ұсақ, Қиян, Шорым жерлерін мекен еткен ауылда өскен.
Балдай бес жасында ауыл молдасынан дәріс алып ескіше діни сауаттанып, 9 жасында Құранды меңгеріп, 13 жасынан бастап өлең - сөз шығару қабілеті болған.
Осы мезгілде Батыс Қазақстан аймағына атақ - даңқы жайыла бастаған
Абыл Тілеуұлымен сөз қағыстырған.
Абыл айтысқандарын баудай түсіріп жүрсе де,
Балдай қызды жеңе алмапты.
Үш жүздің талай жүйрік майталманы
Жеңіліп кейін қайтты Абылдардай
Абыл да жеті дүркін жерге қарап
Кеткен ді қызыл тілге шыдай алмай" деп жырлап өтіпті апамыз.
Қазіргі және келешек ұрпақ біздің Маңғыстау топырағында осындай аяулы да айтқыр апаларымыздың болғанын білсін деген ниетпен өткізілген іс - шараның бүгінгі қатысушылары
Маңғыстау облысының аудандарының мектеп кітапханашылары.
Елімізде шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып ...
Құрметті Маңғыстау облыстық кітапханасының оқырмандары! Сіздер үшін керемет ...
9-маусым күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...
20-маусым күні кітапханамызда ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, ...
"Кітапхана болашағы: цифрлық трансформация және жаңа технологиялар" облыстық ...
4-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Түркі ғылыми мифологиясының ...
21 мамыр күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Өлкетану бөлімінде журналист, ...
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Маңғыстау облыстық Қазақ Зағиптар ...
XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін қызмет көрсету ...
Биылғы жылы Маңғыстау облыстық кітапханасында «10 жаңа еңбек – 10 жаңа рухани ...

























