«Артық білім кітапта...» атты кітап сайысы өткізілді
2025 жылдың желтоқсан айында Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының Балалар бөлімінде Маңғыстау облысы орталық Бекет ата мешітімен бірлесіп Серікбол Хасанның «Қаныш Сәтбаев кім?» кітабы бойынша 12 жастағы балалар арасында «Артық білім кітапта...» атты кітап сайысы өткізілді. Сайысты өткізудегі негізгі мақсатымыз жеткіншек жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, өз елінің тарихи тұлғаларын тануға, оларды ң халқы үшін істеген еңбегін, қалдырған мұрасын үлгі тұту. Сайыс үш кезеңнен тұрды: 1-кезең бойынша әр оқушыға оқыған кітабы бойынша экрандағы ұяшықтардан таңдау арқылы сұрақтар берілді. 2-кезең «Сөзді сөйлет» деп аталады. Яғни кітап желісі бойынша бірілген бір сөзге байланысты оқиғаны баяндау керек. 3-кезең «Тарих беттерінен». Экранда көрсетілген сурет қандай оқиғамен,кімдермен байланысты екенін әңгімелеу.Жүлделі орындарға Маңғыстау Қажылар қауымдастығы ақшалай сыйлықтармен балаларды марапаттады.
2026 жылдың қаңтар айында Әлемге танымал балуан Қ. Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толуына орай Серікбол Хасанның «Қажымұқан Мұңайтпасұлы кім?» атты кітабы бойынша интеллектуалды сайыс өткізілді. Мақсаты: қазақ халқының ұлы спортшысы, аты әлемге танымал балуан Қ. Мұңайтпасұлының ұлағаттыөмірін насихаттау, оның өнегелі жолын жас ұрпаққа үлгі ету және ұлттық рухты жаңғырту. Шараға Мұнайлы ауданы№ 6 мектебінің 4 сынып оқушылары, Advanta.kz мектебінің 4 сынып оқушылары қатысты.
2026 жылдың ақпан айында Балалар бөлімінде «Артық білім кітапта» атты ақын, зерттеуші Б.Жайлаудың «Әбіш Кекілбайұлы кім?» кітабы бойынша 12-13 жас аралығындағы балалар арасында кітап оқу сайысы өткізілді. Жарысқа аудан, қала мектептерінен 24 оқушы қатысты. Бірінші кезеңде «Тұлғаны таны» балалар ұяшықтағы сұрақтарға жауап берді, екінші кезеңде «Сөз сырына үңілейік» кітапта берілген нақыл сөздердің мағынасын айту,үшінші кезеңде «Зерек болсаң – жауап бер» тест сұрақтарына жазбаша жауап беру.Сайыскерлерге Маңғыстау облысы Бекет Ата мешіті жанындағы Қажылар қауымдастығы қаржылай сыйақымен демеушілік жасады.
2025 жылдың желтоқсан айында Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық ...
4-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Түркі ғылыми мифологиясының ...
Өлкеміздің жыршы, домбырашысы Әлқуат Қожабергенұлының 115 жылдығына орай «Қолыма ...
Бүгін, 16 сәуір күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай ...
Биылғы жылдың І тоқсанында Маңғыстау облыстық кітапханасының Шетел әдебиеттер ...
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «2026 жылды ...
Маңғыстау облыстық кітапханасының Оқу залы қазақ халқының тұңғыш ...
Абонемент секторының «Ваш топ 5» орыс тілді клуб мүшелерімен дөңгелек үстел ...
Өлкетану залы «Бір өлке – бір тұлға» акциясы бойынша биылғы жылы ақын, сәулетші ...
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл оқуға ұсынылған Қабдеш ...

























