«Дәстүр мен Сән»
Облыстық кітапханамызда дәстүрге айналған іс-шаралардың біреуі - 18-наурыз - Ұлттық киім күні аясында өтетін кездесулер:
2024 жылдың 19 наурыз күні «MARCH 17» сән үйінің негізін қалаушы Жаңбырбай Ақсәуле Қарашқызымен «Ұлттық киім – ұлттың айнасы» атты кездесу кеші өтті. Шараға Болашақ колледжінің 2 курс студенттері мен кураторы, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің 2 курс студенттері мен кураторы, «Асмет ұлас» ПҚКиК колледжінің студенттері мен ұстазлдары, тұрақты оқырмандар қатысты. Шараны кітапханашы Сәрсембаева Г.М. жүргізді. Кешті М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармонияның әншісі Екпін Толқынханұлы әсем әнімен ашып берді. Кеш қонағы А.Қарашқызы өз сән үйін қалай ашқаны туралы қысқаша мәліметтер беріп, киім үлгілерімен таныстырды. «Ұлттық үлгідегі сәнді киім неге қымбат?», «MARCH 17» сән үйінің киімдеріне шетелде сұраныс бар ма?», «Киімге салынатын өрнектің мән-мағынасына қаншалықты мән бересіз?» және т.с.с. сұрақтарға жауап алынды. Кеш соңында әдемі тілектермен бірге ұсыныстар да айтылды. Қонағымызға Маңғыстау ақын-жырауларының өмірі мен шығармашылығы жазылған «Көне күннің жыр күмбезі» кітабы сыйға берілді. Мақсаты: Қазақтың ұлттық киімдерімен таныстыру, ұлттық салт-дәстүрді, киімдерді сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Қатысты: 70 адам
2025 жылдың 18 наурыз күні өлкелік «МЕDINA SAҚТАGANOVA» сән үйінің негізін қалаушы Медина Сақтағановамен «Дәстүр мен Сән» атты кездесу кеш өткізілді. Кеш қонағы дизайнер Медина Сақтағанованың кәсіпкерліке қалай келді,дизайнерлік білімі, тәжірибиесі туралы жеткен жетістіктері мен қатар отбасындағы құндылықтары туралы сұрақтар қойылып сол сұрақтарға толық қанды жауап алды.Кеш еркін форматта өтті. Кеш соңында М.Сақтағанова жаңа туындысын ұсынды.Жүргізуші Гулшат Мизамбайқызы кеш қонақтарына ризашылығын білдіріп, кітапхана директорының орынбасары Гуля Жарасханқызы кеш қонағына кітапхана атынан «Алғыс» табыстады. Естелік суретке түсіп, «Ұлттық киім ұлттың сәні» атты кітап көрмесімен танысты. Қатысты: 100 адам.
2026 жылдың І тоқсанында Маңғыстау облыстық кітапханасының ...
Техникалық әдебиеттер бөлімінде 24-сәуір күні Геолог күніне орай «Геологиялық ...
"Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы аясында әр жыл сайын бір көрнекті ...
Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастырумен 14 ...
23 сәуір – кітап пен білімнің қадірін арттыратын ерекше күні аясында, өскелең ...
Маңғыстау облыстық кітапханасының Шетел әдебиеттер залында ағылшын тілінен ...
2026 жылдың 24 сәуірінде Алматыдағы Alatau Creative Hub орталығында кітапханашылар арасында ...
7 сәуір күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлім қорына ...
14 сәуір күні IQ мектебінің 6-сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге кітапханаға ...
Түпқараған аудандық орталық кітапханасы «Кітап пен кітапханашы – білімнің қос ...

























