«Жыр мен жүрек үндестігі» поэзия кеші
Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастырумен 14 сәуір күні көрнекті ақын, аудармашы Шөмішбай Сариевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Жыр мен жүрек үндестігі» атты поэзия кеші жоғары деңгейде өтті. Онлайн кездесу Zoom платформасы арқылы Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымымен бірлесе ұйымдастырылды.
Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – құрметті қонағымыз, ақынның өмірлік серігі Жұмагүл Сариева ханыммен онлайн кездесу және ақынның інісі Жаңабай Сариевпен дәстүрлі жүздесу болды. Жұмагүл Қаженқызы оқырмандардың ақын шығармашылығы мен өмір жолына қатысты қойған сұрақтарына мазмұнды жауап беріп, естеліктерімен бөлісті.
Шара барысында ақынның «Бәрінен де не қымбат?», «Көңілің үстем патшадай», «Сәуір», «Күзде құстар тастап ұшар ұясын...» сынды сыршыл өлеңдері оқылып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Сонымен қатар, Шөмішбай Сариев – 300-ден астам халық жүрегіне жол тапқан ән мәтіндерінің авторы екені атап өтілді. Кеш барысында ақын сөзіне жазылған «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Дос керек», «Қайран уақыт», «Арман жолдар», «Сыбызғы – сазсырнай» сияқты әндер шырқалып, кеш көркін қыздырды.
Аталған шараға Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Жоғарғы педагогикалық колледжі студенттері, Ақтау қаласындағы Баянды ауылы №3 мектеп оқушылары, М. Әуезов атындағы №20 мектеп және «Квант» мектебінің оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Поэзия кеші жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ақын мұрасын насихаттауда маңызды рухани іс-шара ретінде өз деңгейінде өтті.
Маңғыстау облыстық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 24 қыркүйек күні ...
Қыркүйек айында Маңғыстау облыстық кітапхананың жасөспірімдер бөлімінде, ...
23 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Қосай Мәмбетқұл атадан ...
18 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Қазақстан Жазушылар ...
Кітапханамыздың оқу залы мен мерзімді басылымдар бөлімі ұйымдастыруымен отбасы ...
Маңғыстау облыстық кітапханасында ана тілінің терең тарихы мен қазіргі дамуын, ...
Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде Мұнай ...
Маңғыстау облыстық кітапханасының Балалар әдебиет бөлімінде Отбасы күніне орай ...
25 қыркүйек күні Шет тілдері колледжінде 2-курс студенттерімен тағылымды кездесу ...
«Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» ММ-де жаңа ...

























