«Сезім сыры» кітабының таныстырылымы өтті
26 тамыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Журналистер Одағының және Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, сазгер, "Өнер" мекемесі жанынан құрылған "Асыл Мұра" халықтық фольклорлық ансамблінің жетекшісі, сазгер Қаракөз Кемерованың «Сезім сыры» атты жаңа жинағының салтанатты таныстырылымы өтті. Шара барысында сазгердің өмір жолы мен шығармашылығынан сыр шертетін арнайы бейнероликтер көрсетіліп, автордың өз орындауындағы әуезді әндері тыңдалды. Сондай-ақ дәстүрімізге сай шақырылған қонақтардан «қонақкәде» сұралып, кеш одан әрі әсем ән мен мағыналы сұхбатқа ұласты. Аталған еңбекте автордың нотасымен берілген жүрекжарды әндері мен балаларға арналған арнаулы туындылары топтастырылған. Тұсаукесерге шақырылған құрметті қонақтар — П. Сармурзина, С. Рзахметов, К. Ыбырайұлы және А. Зейілова арнайы қатысып, автордың шығармашылығына жоғары баға беріп, жылы лебіздерін білдірді. https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DcgNEXPorj9/
26 тамыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Қазақстан Республикасы мәдениет ...
Маңғыстау облыстық кітапхана платформасында құрылған «Ұшқан ұя» отбасылық ...
Спорт күніне орай Маңғыстау облыстық кітапханасының балалар бөлімінде ...
Маңғыстау облыстық кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде, 18 тамыз – ...
Маңғыстау облысында «Бір өлке – бір тұлға» өлкетану акциясы республикалық «Бір ...
Маңғыстаудың төл телеарнасынның «Төрлетіңіз» бағдарламасындағы тікелей эфирге ...
Қазақта тұсаукесер – ақ жолдың, жақсы бастаманың белгісі. Бүгін облыстық ...
10 тамыз – Абай күніне орай Маңғыстау облыстық кітапханасында «Абай мұрасы – ұлт ...
6-тамыз күні облыстық кітапханасының конференц залында Қазақстан ...
«Ертегілер еліне саяхат» атты әдеби іс-шара балаларды халық ауыз әдебиетінің бір ...





__100baad66199218a64ab0c5beca2a356.png)



















