«Тарих, мәдениет және археология: Мағрипа Жылқыбаеваның ғылыми жолы»
Биыл Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуларын 30 жыл зерттеп, құпиясын физика-математикалық әдіспен ашқан ғалым-физик Мағрипа Жылқыбаеваның туғанына 80 жыл.
Мағрипа Жылқыбаева - кванттық физика арқылы әлемде тұңғыш рет Есік қорғандағы Алтын адам мұрасы бойынша прото дәуірдегі алғашқы адамзат тілінің расшифровкасын жасаған жаратылыстанушы ғалым.
30 сәуір күні Облыстық кітапханасының оқу залы «Тарих, мәдениет және археология: М.Жылқыбаеваның ғылыми жолы» атты онлайн ақпаратты оқырмандарға ұсынды. Ақпараттық материалдың басты мақсаты – ғалымның өмір жолын, ғылыми мұрасын және отандық тарих пен археология саласына қосқан үлесін кеңінен насихаттау.
Ұсынылған бейнематериалда Есік қорғанынан табылған Алтын адам жәдігеріндегі жазулар туралы маңызды мәліметтер ұсынылған. Бұл жазуларды зерттеумен айналысқан ғалымдар аз болмағанымен, күміс зереншеге ойылған 26 таңбаның жаһандық деңгейдегі тарихи маңызын ғылыми тұрғыда терең дәлелдеп көрсеткен бірегей зерттеуші – Мағрипа Жылқыбаева. Ол бұл таңбаларды отыз жыл бойы үздіксіз зерттеп, олардың сырын физика-математикалық тәсілдер арқылы ашқан, осылайша осы салада әлем бойынша алғашқы болып тың әдіс қолданған ғалым ретінде танылды.
https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DJELiDHzxvh/
Кітапханалардағы экскурсиялық жұмыс жаңа оқырмандарды тартуға және халық ...
Қазақ пен парсы халықтарының арасындағы рухани байланысты нығайтатын тағылымды ...
Қарттарымыз – өмірдің үлкен мектебінен өткен, ұрпаққа ақыл-кеңесі мен өнегесін ...
Маңғыстау облыстық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 24 қыркүйек күні ...
Қыркүйек айында Маңғыстау облыстық кітапхананың жасөспірімдер бөлімінде, ...
23 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Қосай Мәмбетқұл атадан ...
18 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Қазақстан Жазушылар ...
Кітапханамыздың оқу залы мен мерзімді басылымдар бөлімі ұйымдастыруымен отбасы ...
Маңғыстау облыстық кітапханасында ана тілінің терең тарихы мен қазіргі дамуын, ...
Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде Мұнай ...

























