Әдеби клубтарының кезекті отырыстары өтті
Облыстық кітапханасының Маңғыстау креатив алаңында әдеби-мәдени клубтарының кезекті отырыстары өтті.
1 қараша күні “Бірлік” әдеби-мәдени клубының кезекті отырысы өтті. Жиынның негізгі мақсаты — М.Мағауиннің “Қазақ тарихының әліппесі” еңбегін терең талдау. Бұл шараға қатысушылары автордың қазақ тарихын зерттеудегі еңбегі, кітаптың құрылымы, көтерілген тарихи мәселелер кеңінен талқылады.
Қатысушылар туындыдағы тарихи деректердің маңызын, Мағауин шығармашылығының ерекшелігін және қазақтың ұлттық болмысын айқындайтын тұстарын егжей-тегжейлі сөз етті. Әдеби ортада еркін пікір алмасу атмосферасы қалыптасты.
2 қараша күні Гүлнар Көптілеуованың қатысуымен Абайдың 35–40-қара сөздері талқыланды.
Бұл кездесуде Абай мұрасындағы адамгершілік, ұждан, білім, еңбек туралы терең ойлар талданды. Пікірталас барысында қатысушылар сұрақ-жауап форматында өз ойларын жеткізіп, қара сөздердің бүгінгі күнмен байланысын талқылады. Әдеби-танымдық сипаттағы бұл басқосу Абай ілімін терең түсінуге мүмкіндік берді.
8-қараша күні "Бірлік” әдеби-мәдени клубының кезекті талқылауы өткізілді. Бұл жиында клуб мүшелері авторы Ғалым Боқаш «Өзіне ар тұтқан, өзгеден зар тұтады» кітабының мәнін ашып, оның әдеби мазмұнын кеңінен талдады. Талқылауға жалпы 15 адам қатысты, және әрбір қатысушы өз пікірін ортаға салып, ойларын бөлісті.
9-қараша күні Kitap Time кітап талқылау клубының кезекті отырысы өтті. Іс-шараның жүргізушісі — Алтынгүл Меңдіхан, Bastime Quiz жобасының жетекшісі.
Бұл жолғы талқылаудың негізгі тақырыбы жапон жазушысы Харуки Муракамидің «Норвег арманы» атты романын талдау болды. Қатысушылар кітаптың негізгі идеяларын, автор көтерген психологиялық және философиялық мәселелерді, кейіпкерлердің характерін және туындының оқырманға әсер ету ерекшеліктерін жан-жақты қарастырды.
Отырыста әр адам өз пікірін ортаға салып, романның мазмұндық тереңдігіне байланысты ойымен бөлісті. Сондай-ақ кітаптағы оқиғалардың жастар өмірімен байланысы, кейіпкерлердің эмоционалдық күйі және шығарманың мәдени мәні туралы пікірталас жүргізілді.
Шараға жалпы 20-дан астам адам қатысты, және қатысушылардың белсенділігі жоғары болды. Талқылау пікір алмасуға, әдеби талғамды дамытуға және шығарманы әр қырынан түсінуге үлкен мүмкіндік берді.
2025 жылдың 15 қарашасында әдеби-танымдық кездесу өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы және жүргізуші — Көптілекова Гүлнар.
Кездесудің негізгі тақырыбы — Абай Құнанбаевтың қарасөздері болды. Қатысушылар қарасөздердің мәнін, философиялық ойларын, әлеуметтік және мәдени аспектілерін талқылады. Сонымен қатар, кездесуде Абай шығармашылығының қазіргі жастар өміріндегі рөлі, оның тәрбиелік мәні және рухани құндылықтарды насихаттаудағы маңызы қарастырылды. Кездесу өте мазмұнды өтті, қатысушылар белсенді пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.
29 қараша “Бірлік” әдеби-мәдени клубының жоспарлы отырысы өткізілді. Бұл басқосуда қатысушылар әлемге танымал жазушы Элиф Шафақтың “Махаббаттың қырық қағидасы” атты туындысын талқылады. Кітаптағы негізгі ойлар, рухани тұжырымдар, кейіпкерлердің ішкі мінез-құлқы және шығарманың жалпы мағынасы талданды. Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, кітаптан алған әсерлерін ортаға салды. Клуб отырысы мазмұнды және ойландыратын әдеби талқылаумен аяқталды.
Сол күні «Шам» орталығының ұйымдастыруымен Камалов Батыржанның жетекшілігімен ағайынды Стругацкийлердің «Жол жиегіндегі сейіл» («Пикник на обочине») атты туындысына арналған кітап талқысы өткізілді. Талқылау барысында қатысушылар шығармадағы негізгі идеялар, авторлардың философиялық көзқарастары, оқиға желісі мен кейіпкерлердің мінез-құлық ерекшеліктері туралы пікір алмасты. Әдеби талқы өте мазмұнды өтіп, қатысушылар белсенді түрде өз ойларын жеткізді. Шараға жалпы 30 адам қатысты
Қазіргі уақытта дүние жүзінің барлық өнеркәсібі дамыған елдерінде энергияны ...
Облыстық кітапханасының Маңғыстау креатив алаңында әдеби-мәдени клубтарының ...
2025 жылдың 6 қарашасында Облыстық кітапханасының Маңғыстау Креатив Алаңында ...
20 қараша күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау обылыстық әмбебап ...
13 қараша Халықаралық зағиптар күніне орай Қазақ Зағиптар қоғамының дәстүрлі ...
27 қараша күні облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінде «Бір ел – бір ...
Маңғыстау облыстық кітапханасында 15 қараша –Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық ...
18-қараша күні жас ақын Гүлфарида Ермекованың жүрек тебіренткен "Сезім көктем ...
«100 кітап» жобасы аясында оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын ...
Төл әдебиетіміздегі 100 танымал кітапты іріктеп алуға арналған жалпыұлттық ...










__932857c2165f5c56627948e4258f89c3.png)













