• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Ерекше форматтағы кездесулер

Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалы оқырмандарына «Caspian» яхта клубының демеушілігімен ерекше форматтағы танымдық кеш ұйымдастырды.

Шара ашық аспан астында Каспий теңізінде яхтамен серуендеу барысында өтті. Танымдық кеш барысында қатысушыларға 6-шілде Астана күніне орай – Астана қаласының қалыптасу тарихы, сәулеттік келбеті мен ел дамуындағы маңызы туралы қызықты мәліметтер ұсынылды. 

Іс-шара барысында қатысушылар Астана туралы сұрақтарға жауап беріп, викторинаға белсенді қатысты. Патриоттық әндер шырқалып, елордаға арналған жүрекжарды тілектер айтылды.

Осындай тағылымды шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен «Caspian» яхта клубының басшылығы мен ұжымына арнаулы кітапхана оқырмандары шынайы алғыстарын білдірді. Ерекше форматтағы бұл кездесу оқырмандардың естен кетпес естеліктерінің біріне айналып, олардың туған елге, Отанға деген сүйіспеншілігін одан әрі арттыра түсті. 

16 шілде күні «Бір ел–бір кітап, 2026» республикалық акциясы аясында арнаулы кітапхана филиалында Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Халықтан шыққан халық жазушысы – Қабдеш Жұмаділов» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды.

Кеш барысында қатысушыларға қаламгердің өмір жолы, шығармашылық мұрасы және қазақ әдебиетіндегі айрықша орны жан-жақты таныстырылды. Жазушының «Тағдыр», «Соңғы көш», «Дарабоз» сынды тарихи романдарының мазмұны мен тәрбиелік мәні сөз болып, кітаптарына библиографиялық шолу жасалды. Оқырмандар жазушы шығармаларынан үзінділер оқып, оның туындыларындағы елдік рух, ұлттық болмыс, азаттық идеясы мен тарихи таным жайында ой бөлісті.

Әдеби кештің шырайын арнайы қонақ ретінде қатысқан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2-курс студенті Тасубаев Парасаттың орындауындағы күйлер аша түсті. Жас күйші қазақтың дәстүрлі күйлерін жоғары деңгейде орындап, жиналған көпшілікке күймен шашу шашты. Домбыраның күмбірлеген қоңыр үні әдеби кештің мазмұнын тереңдетіп, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.

Іс-шара соңында кітапхана қызметкерлері Қабдеш Жұмаділовтің шығармалары ұлт тарихын, ел тағдырын және қазақ руханиятын танытатын құнды мұра екенін атап өтіп, оқырмандарды қазақ әдебиетінің таңдаулы туындыларын оқуға шақырды. Осындай әдеби-танымдық кездесулер оқырман мәдениетін қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жастардың тарихи санасы мен рухани дүниесін байытуға ықпал етеді.




«Ертегілер еліне саяхат» атты әдеби іс-шара балаларды халық ауыз әдебиетінің бір ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Көзі көрмейтін және нашар көретін ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлім қызметкерлерінің ...

Жаңалыққа өту  

16-шілде күні Маңғыстау облыстық кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде  ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық кітапхана қызметкерлері Жаңаөзен қалалық орталық кітапхана мен ...

Жаңалыққа өту  

«Бір ел–бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл оқуға ұсынылған Қабдеш ...

Жаңалыққа өту  

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2026 ЖЫЛҒЫ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ИДЕОЛОГИЯСЫН ...

Жаңалыққа өту  

Елімізде шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті Маңғыстау облыстық кітапханасының оқырмандары! Сіздер үшін керемет ...

Жаңалыққа өту  

9-маусым күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу