• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Еске алу кеші: әнші, сазгер Ізімов Ыбырай Қанатұлы

16-наурыз күні  кітапханамызда «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері»(1998), Ғарифолла Құрманғалиевтен тікелей сабақ алған шәкірті, Маңғыстау облыстық филармониясында ұстаздық қызмет қылған (1975) әнші, сазгер Ізімов Ыбырай Қанатұлын еске алу кеші өтті. Кеш Ы.Ізімовтің 75 жылдығына орай ұйымдастырылды. Сонымен бірге, әншінің өмірі мен шығармашылығына арналған «Өнерде ізі сайраған» атты көрме көпшілікке ұсынылды.

Кешке Күйші, журналист, «ҚР-ның Еңбек сіңірген қызметкері»(1995). Ұмытылуға айналған аңыз күйлердің, айтыс күйлердің қайта жаңғыруына мол еңбек сіңірген, Қазақ мемлекеттік ұлттық консерваториясының Құрметті профессоры – Шәкіратов Сержан Ысқақұлы;

ҚР Жазушылар одағының, ҚР Журналистер оадағының мүшесі, «Ақпарат саласының үздігі» – Үміт Жәлеке;

Ы.Ізімовтің шәкірті, жезтаңдай әнші, Маңғыстау Өнер колледжінің ұстазы – Ақмарал Ерімбетова;

Әншінің жары Бисенгүл Қалпышқызы мен балалары қатысты.

Қонақтар әнші Ы.Ізімов туралы естелік әңгімелер мен облыстың өнер саласына сіңірген еңбегі туралы тағылымды әңгіме айтты. Шәкірті А.Ерімбетованың шәкірттері әуелете ән салып, өзі де кезінде Ы.Ізімовтің өзі айтқан «Дариға» әнін орындап берді.

Ал, әнші Асхат Бреусов "Ақмаржан қала — Ақтауым" әнін көрермендермен бірге шырқады.

Жазушы, журналист Үміт Жәлеке Ы.Ізімовтің төлқұжатындай болып кеткен «АҚМАРЖАН ҚАЛА – АҚТАУЫМ» әніне ерекше тоқталып, ортаға ой тастады. «Биылғы Ақтаудың 60 жылдығы қарсаңында осы бір тамаша әнді неге қаламыздың гимні етіп ресми бекітпеске? Бұл – 1974 жылдан бері шырқалып келе жатқан, жарты ғасыр өтсе де, ел құлағынан кетпей өміршеңдігін дәлелдеген ән. Менің осындай ұсынысым бар», - деді.

«Ортаңда болып азырақ, Көңіліңде тұрсам көбірек» деп Атыраулық ақын Меңдекеш Сатыпалдиев айтқандай, өнер адамы, ортаның адамы Ыбырай Қанатұлы да көптің көңілінде жүр деп ойлаймыз.

Еске алу кешіне келген қонақтарға, оқырмандарға алғыс айтамыз 



Маңғыстау облыстық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 24 қыркүйек күні ...

Жаңалыққа өту  

Қыркүйек айында Маңғыстау облыстық кітапхананың жасөспірімдер бөлімінде, ...

Жаңалыққа өту  

23 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Қосай Мәмбетқұл атадан ...

Жаңалыққа өту  

18 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық кітапханасында  Қазақстан Жазушылар ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың оқу залы мен мерзімді басылымдар бөлімі ұйымдастыруымен отбасы ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық кітапханасында ана тілінің терең тарихы мен қазіргі дамуын, ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде  Мұнай ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық кітапханасының Балалар әдебиет бөлімінде Отбасы күніне орай ...

Жаңалыққа өту  

25 қыркүйек күні Шет тілдері колледжінде 2-курс студенттерімен тағылымды кездесу ...

Жаңалыққа өту  

«Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» ММ-де жаңа ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу