Жанды желпіндірген, там-тұмдап жүрекке енген - музыка
Кітапханамыздың өнер бөлімінде 1 қазан – Халықаралық музыка күніне арналған «Жанды желпіндірген, там-тұмдап жүрекке енген-музыка» атты шара өтті. Шараға Маңғыстау гуманитарлық колледжінің 2 курс студенттері мен мұғалімдері қатысты. Қатысушылардың назарларына кітапханамыздын өнер бөліміндегі музыкаға арналған, музыка туралы, музыканың тарихы, теориясы, «Кәсіптік білім» сериясымен мұғалімдерге арналған кітаптары, музыка өнерпаздар туралы кітаптар қойылды. Соның ішінде «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасымен шыққан кітаптарына тоқтап, қысқаша «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама туралы айтып кеттік. Қатысушылар Елбасы Н.Назарбаевтың «Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында дүниеге келген, қазақтың баға жетпес асыл қазынасына айналған дәстүрлі ән үлгілері - ғұрыптық әндер, халық әндері мен кәсіби халық композиторларының әндерін бір арнаға жинаған - «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» антологиясымен, халқымыздың 1000 жылдық мәдени мұрасы, домбыраға, сыбызғыға, қобызға арналған 1000 үздік таңдаулы күйлерінің антологиясымен танысты.
2025 жылғы желтоқсан айында Маңғыстау креатив алаңында ұйымдастырылған ...
2025 жылғы 4 желтоқсан күні кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін ...
Оқырмандардың ақпаратқа қолжетімділігі мен қажеттіліктерін орындауда, ...
Облыстық кітапханасының Маңғыстау креатив алаңында 3 қараша күні құқықтық ...
Қазіргі уақытта дүние жүзінің барлық өнеркәсібі дамыған елдерінде энергияны ...
Облыстық кітапханасының Маңғыстау креатив алаңында әдеби-мәдени клубтарының ...
2025 жылдың 6 қарашасында Облыстық кітапханасының Маңғыстау Креатив Алаңында ...
20 қараша күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау обылыстық әмбебап ...
13 қараша Халықаралық зағиптар күніне орай Қазақ Зағиптар қоғамының дәстүрлі ...
27 қараша күні облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінде «Бір ел – бір ...

























