Кітап арқылы ашылған сырлы әлем
23 сәуір – кітап пен білімнің қадірін арттыратын ерекше күні аясында, өскелең ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы, Маңғыстау облыстық орталық «Бекет Ата» мешіті және Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалымен бірлесіп, алғашқы рет қазақ және орыс тілдерінде «Адам оқыған сайын биіктейді» атты зағип оқушылар арасында Брайль қаріпіндегі кітап оқу байқауы болып өтті.
Басты мақсат: кітап оқуды насихаттау, өскелең ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттыру және зияткер ұлт қалыптастыруда өз үлесімізді қосу. Кітап арқылы білімге ғана жол ашпай, жаңа идеяларға кілт таба алатынын, рухани және материалдық құндылықтарға қол жеткізетінін, сұлулықты басқа қырынан көре алатынын ұғындыру.
Байқауға Маңғыстау облыстық арнайы мектеп интернатының оқушылары қатысты. Байқау ережесі бойынша, 4 кезеңге бөлінді алғашқы кезеңде оқушылардың оқығын кітап санын анықтау, оқыған кітаптардың мазмұнын әдеби тілде баяндау (1-3 мин), Қазылар алқасының таңдауымен кез келген бетті жүргізіп оқу (1-3 мин), оқыған кітаптардан арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беру.
Байқауға әділ баға беру үшін арнайы қазылар алқасы тағайындалды. Қазылар алқасының құрамында:
Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы, Маңғыстау облыстық орталық «Бекет Ата» мешітінің найб имамы Жұмабай Қуандықұлы;
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалының тифлопедагогі Құсайынова Саида Амангелдіқызы;
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалының қоғамдық қызметкері, брайлы маманы Ыбыраев Қуаныш Салахаддинұлы.
Әр кезең бойынша оқушылар өздерінің білімдерін, сөйлеу мәдениетін, ой ұшқырлығын және оқу шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді. Байқау барысында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы мен ізденісі анық байқалды.
Қазылар алқасы әр қатысушының өнерін әділ бағалап, олардың оқу мәнеріне, мазмұнды жеткізуіне және сұрақтарға жауап беру деңгейіне ерекше назар аударды. Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облыстық арнайы мектеп-интернаты оқушылары арасында 1-орынды Көркем Сұлтан, 2-орынды Гүлмира Жәнібекова және 3-орынды Ақбөбек Ескендір иеленді. Ал ынталандыру сыйлығы Айболат Асылбек пен Нұркелді Мұратқа табысталды. Үздік деп танылған оқушылар арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға және байқауға көрермен, жанкүйер ретінде келген балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында тәтті сыйлықтар үлестірілді. Бұл кішкентай жүректерге қуаныш ұялатып, шараның шырайын кіргізе түсті.
Шара соңында ұйымдастырушылар мұндай байқаулардың жас ұрпақтың рухани дамуына, білімге деген құштарлығын арттыруға үлкен септігін тигізетінін атап өтті. Сонымен қатар, кітап оқудың маңыздылығы кеңінен насихатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім мол.
23 сәуір – кітап пен білімнің қадірін арттыратын ерекше күні аясында, өскелең ...
Маңғыстау облыстық кітапханасының Шетел әдебиеттер залында ағылшын тілінен ...
2026 жылдың 24 сәуірінде Алматыдағы Alatau Creative Hub орталығында кітапханашылар арасында ...
7 сәуір күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлім қорына ...
14 сәуір күні IQ мектебінің 6-сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге кітапханаға ...
Түпқараған аудандық орталық кітапханасы «Кітап пен кітапханашы – білімнің қос ...
Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген кітапханашысы Назира Қожахметқызы Даулетованың ...
Мұнайлы аудандық орталық кітапханасында Ұлттық кітап күні және жаңартылған ...
Ұлттық кітап күні аясында Маңғыстау облыс кітапханаларында түрлі іс-шаралар ...
Бүгін, 23 сәуір - Ұлттық кітап күніне және Кітапханашылар күніне орай Қабиболла ...

























