• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Жазушы, өлкетанушы Кенжебек Сержанұлымен кездесу кеші

Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының арнаулы бөлімі  Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, жазушы әрі өлкетанушы Кенжебек Сержанұлының  кездесу кешін өткізді. 

Шығармашылық кештің мақсаты - қазақ әдебиетінің жаңа ғасырға тоғысқан толқынды сәттерінде қазақ ұлтының қаншама дарынды жастары шығуына қарамастан, олардың шығармаларымен бүкіл дүйім жұртты таң қалдыру, шығармашылық жұмыстарымен таныстыру. Сондай дарынды жастардың бірегейі жас ақын Кенжебек Сержанұлының балалық шақтан болашаққа қадам басар тұсында қазақ әдебиетіне, поэзия әлеміне өзіндік үлесін   қосып келе жатырғанынан хабардар ету. 

Кенжекбек Сержанұлы – қойнауы құпияға толы қасиетті мекеннің өшпес байлығын зерттеп, зерделеп, оны халыққа таныстырып жүрген жас өлкетанушы.

Өлкетану – тек өткенді қазбалау емес, ол – елдің рухани жадын тірілту, ұлттың тамырын тану. Туған жердің тарихы мен табиғатын, киелі орындарын, тұлғаларын зерделеу арқылы біз өзімізді танимыз. Осы жолда ғылыми жолға түскен    өлкетанушы  ұлт алдындағы міндетін, жауапкершілігін кеңінен айтып өтті.

Жас ақын - Республикалық «Еліме арнау» конкурсының, Маңғыстау облыстық «Болашақтағы пошта» сайысының т.б. байқаулардың жүлдегері. «Еліме арнау» облыстық байқауының «Жас тілші» номинациясының иегері.

2012 жылы «Табысты сайлау науқаны үшін» Құрмет белгісі, «Перуаш Кәрімұлына 100 жыл», «Қожаберген жырауға 350 жыл» мерейтойлық медалдарымен, «Нұр Отан» партиясының және Маңғыстау облысы әкімінің, Ақтау қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталып және  «Бейбіт елдің ұланымын», «Ғибратты ғұмыр»,  «Қалнияз едім күнінде» т.б. атты кітаптардың авторы.   

Шара соңында кітапхана қызметкері Марзия Жаилханқызы ақынның «Мен елімнің самғап ұшар қыраны» өлеңін оқып,  кітап көрмесіне шолу жасады.

Жазушыға оқырмандар сұрақ қойып, кері байланыс жасалды. 




20 қараша күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау обылыстық әмбебап ...

Жаңалыққа өту  

13 қараша Халықаралық зағиптар күніне орай Қазақ Зағиптар қоғамының дәстүрлі ...

Жаңалыққа өту  

27 қараша күні  облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінде «Бір ел – бір ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық кітапханасында 15 қараша –Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық ...

Жаңалыққа өту  

18-қараша күні жас ақын Гүлфарида Ермекованың жүрек тебіренткен "Сезім көктем ...

Жаңалыққа өту  

«100 кітап» жобасы аясында оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын ...

Жаңалыққа өту  

Төл әдебиетіміздегі 100 танымал кітапты іріктеп алуға арналған жалпыұлттық ...

Жаңалыққа өту  

"100 кітап" жобасы аясында Бейнеу аудандық кітапханасының Ақжігіт ауылдық ...

Жаңалыққа өту  

"100 кітап" жобасы аясында Мұнайлы ауданның кітапханаларында түрлі форматта ...

Жаңалыққа өту  

  “Kitaptime-2025” Республикалық кітап фестивалі аясында кітап оқуды насихаттау ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу