• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Кітап тұсау кесерлер - 2025

27 ақпан күні жазушы, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлының «Ұстаз ұлағаты» атты кітабының тұсаукесерін өткізді. Аталған кітап «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, Қазақ КСР «Халық ағарту ісінің үздігі» - Торғай Шоңқаловтың өмірі мен қызметіне арналған.Шараға Торғай Шоңқаловтың  шәкірттері, зиялы қауым өкілдері және оқырмандар  қатысты. Қатысушы қонақтар естеліктермен бөлісіп, өнерпаздар ән-күйге бөледі. 

1 наурыз күні  ветеринария саласының ардагері Қаржаубай Көшеннің «Мал аурулары және емдеу жолдары» кітабының тұсаукесері өтті. Шараға облыс әкімі Нұрдаулет Қилыбай мал шаруашылығы саласының ардагерлері мен шаруа қожалықтарының иелері, ауыл әкімдері қатысты. Облыс әкімі көктемнің алғашқы күнінде 70 жасқа толған кітап авторына еселі еңбегі үшін алғыс айтып, ветеринария саласына қосқан үлесі үшін арнайы төсбелгі тақты.Шара соңы құттықтаулармен әдемі әнмен аяқталды. 

9 сәуір күні Қоғамдық сана мен саяси мәдениеттің даму жолында ерекше орны бар «Парасат» қоғамдық- саяси демократиялық қозғалысы туралы Данияр Аралбайұлының «Парасат» қоғамдық- саяси демократиялық қозғалысы» атты кітабының тұсаукесерін өткізді.

24-сәуір күні облыстық архивтың  Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай «Тағзым» кітабының таныстырылымы өтті. 

30-сәуір күні облыстық кітапханада сұрапыл соғыстың соңғы солдаты, ғасыр жасаған майдангер қария хақында сыр шертетін-майдангердің ұлы Қазақстанның Құрметті Журналисі, ардагер журналист Айтбай Аймағамбеттің «Ұлан ғасыр ғұмыр» кітабы мен «Өтпелі өткел» атты журналистік қызметіндегі жазбаларынан тұратын екі бірдей кітаптарының тұсаукесері өтті.

Асан Аймағамбетов Ұлы Отан соғысындағы ерлік әрекеттері үшін  «Қызыл Жұлдыз», «Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», Жуков медальдерімен,  Бас Қолбасшы И.В.Сталиннің Алғыс Хатымен,  Жеңістің мерекелік даталарына орай берілген медаль-төсбелгілерімен марапатталды.

11-шілде күні «Ішкі жан дүниесінің сәулесі» екі тілде жарық көрген кітабының тұсау кесер рәсімі өтті. Аталған кітап – көру қабілетінен айырылған адамдардың шынайы тағдыры негізінде жазылған.  Кітаптың басты кейіпкері – қандай қиындық болса да,  ішкі үміт сәулесін сөндірмеген, қайраты жан.

Жазушы Эльвира  Жусупбекованың  «Ішкі жан дүниеңнің сәулесі»  атты кітабының  тұсаукесері  Қабиболла Сыдиықов  атындағы  Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында  өтті. Жазушы  екі тілде  шығарған  «Ішкі жан дүниеңнің сәулесі», «Свет внутри тебя»  атты кітабын  және аудиокітабын  Көзі көрмейтін  және  нашар көретін азаматтарға арналған  филиалына сыйға берді.

Бұл кітапта өмірде орындалмауы мүмкін емес ештеңенің болмайтыны, елдегі ғалымдардың инклюзивті қоғам үшін өмір сүруге маңызды, жаңа технологияларды қамтамасыз етулері және сенім мен махаббаттың адамға қара түнектің өзінде сәуле беретіні туралы шынайы оқиғаларды баяндаған.

Кітапта жеке тағдырмен қатар, қоғамдағы инклюзия, заманауи технологиялар және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мәселелері де қозғалған. Авторы адамның ішкі жарығы мен сенімі кез келген сыртқы шектеуден күшті екенін көрсетті.

https://www.instagram.com/zagiptar_kitapkhanasy_aktau/reel/DMxDj8NMcSt/

25 қыркүйек - Өлкетану залы  Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері, ақын Сұлтанбек Құдайбергеннің «Жан шырағы» атты жаңа кітабының тұсаукесерін ұйымдастырды. Ақынның тағы бір жыр жинағы оқырманға жол тартты. Бұл кітапта соңғы кезде жазылған өлеңдері мен аудармалары енген. Жыр сүйер тұрақты  оқырмандарын арналған керемет туынды.Шара барысында автор өлеңдерін оқып, қонақтар ән шашуларын арнады. Шараға өлке қаламгерлері мен зиялы қауым өкілдері, өлең сүйер бір топ оқырмандар қатысты.

https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DPA1rDVCK02/ 

 




2026 жылдың І тоқсанында Маңғыстау облыстық кітапханасының ...

Жаңалыққа өту  

Техникалық әдебиеттер бөлімінде 24-сәуір күні Геолог күніне  орай  «Геологиялық  ...

Жаңалыққа өту  

"Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы аясында әр жыл сайын бір көрнекті ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастырумен 14 ...

Жаңалыққа өту  

23 сәуір – кітап пен білімнің қадірін арттыратын ерекше күні аясында, өскелең ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық кітапханасының Шетел әдебиеттер залында  ағылшын тілінен ...

Жаңалыққа өту  

2026 жылдың 24 сәуірінде Алматыдағы Alatau Creative Hub орталығында кітапханашылар арасында ...

Жаңалыққа өту  

7 сәуір күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлім қорына ...

Жаңалыққа өту  

14 сәуір күні IQ мектебінің 6-сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге кітапханаға ...

Жаңалыққа өту  

Түпқараған аудандық орталық кітапханасы «Кітап пен кітапханашы – білімнің қос ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу