"Парасат жолы" орталығы
Бүгін кітапханамызда «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығының салтанатты ашылуы болып өтті.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.
Мақсаты: Бүгінгі жиынымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ел азаматтары арасында парасаттылық пен адалдық қағидаттарын нығайту бағытында «Адалдық алаңы» аясында «Парасат жолы» орталығын құру. Біріккен іс-қимыл жоспарын жасау. Осы мақсатпен зиялы қауымдарды, ұлт өкілдері орталығын, білім басқармаларын, жұртшылықты «Парасат орталығы» жұмысына тарту, сол арқылы қоғам назарын кітап оқуға аудару, жұртшылықты кітап оқу арқылы тәрбиелеуді жандандыру.
Қатысушылар: Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары Гүлмира Мұратқызы, Маңғыстау облысының дін істер басқармасының басшысы, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пәния Оңалбайқызы Сармурзина, зиялы қауымдар, ақын-жазушылар, украин және татар этно-мәдени бірлестіктері, Ш. Есенов университет мұғалімдері, Мәдениет басқармасына қарасты мекеме басшылары, колледж мұғалімдері, журналистер.
Аталмыш орталық ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бірлескен жобасы.15 қараша күні кітапханамыздың конференц залында «Ұлттық валюта – төл теңге» ...
АБЫЗДЫҢ АБЫЗДЫҒЫН АЙҚАРА АШҚАН қаламгер, майталман мәдениеттанушы Сауытбек ...
18 қазан күні "Тәуелсіздік керуені" акциясы аясында кітапханамыздың кітап қорын ...
30 қыркүйек күні кітапханамыздың Балалар бөлімінде жергілікті ақын, журналист ...
2022 жылы еске алынатын күндердің ...
Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Жасөспірім ...
"Парасат жолы" жобасы аясында Қазақтың ұлы ойшылы, ақын, жазба қазақ әдебиетінің ...
"БАЛА ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ" атты балалар ақыны Көмек Ыбыраймен кездесу кеші 1 ...
Буккроссинг жаңалықтары: Осы, және басқа да кітаптарды қала кафелерінде ...
6 мамыр күні Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Панфилов дивизиясының ерлігіне ...