"Парасат жолы" орталығы
Бүгін кітапханамызда «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығының салтанатты ашылуы болып өтті.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.
Мақсаты: Бүгінгі жиынымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ел азаматтары арасында парасаттылық пен адалдық қағидаттарын нығайту бағытында «Адалдық алаңы» аясында «Парасат жолы» орталығын құру. Біріккен іс-қимыл жоспарын жасау. Осы мақсатпен зиялы қауымдарды, ұлт өкілдері орталығын, білім басқармаларын, жұртшылықты «Парасат орталығы» жұмысына тарту, сол арқылы қоғам назарын кітап оқуға аудару, жұртшылықты кітап оқу арқылы тәрбиелеуді жандандыру.
Қатысушылар: Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары Гүлмира Мұратқызы, Маңғыстау облысының дін істер басқармасының басшысы, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пәния Оңалбайқызы Сармурзина, зиялы қауымдар, ақын-жазушылар, украин және татар этно-мәдени бірлестіктері, Ш. Есенов университет мұғалімдері, Мәдениет басқармасына қарасты мекеме басшылары, колледж мұғалімдері, журналистер.
Аталмыш орталық ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бірлескен жобасы.21 сәуір күні "Арман" жастар орталығында кітапханамыздағы «Парасат жолы» ...
20 сәуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...
Ақ маржан қала Ақтаудың 19а шағын ауданында тағы бір ғимарат бой көтерді Ол, ...
Оқуға ұсынамыз-Советуем прочесть: ДУМАН РАМАЗАН Автор көркем шығармаларда ...
Құрметті балалар, ата-аналар! Облыстық кітапханадағы Балалар бөлімі "Балалар ...
"Парасат жолы" орталығының жаңалықтары. Бүгін облысымызға іс сапармен келген ...
ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ 10 наурыз Ұлттық кітап күніне орай ...
1 наурыз күні кітапханамызда "Алғыс айтам саған, оқырман!" атты мерекелік кеш ...
Биыл Мемлекет және қоғам қайраткері Т.Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ...
Бүгін кітапханамызда «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығының салтанатты ашылуы болып ...