"Парасат жолы" орталығы
Бүгін кітапханамызда «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығының салтанатты ашылуы болып өтті.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.
Мақсаты: Бүгінгі жиынымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ел азаматтары арасында парасаттылық пен адалдық қағидаттарын нығайту бағытында «Адалдық алаңы» аясында «Парасат жолы» орталығын құру. Біріккен іс-қимыл жоспарын жасау. Осы мақсатпен зиялы қауымдарды, ұлт өкілдері орталығын, білім басқармаларын, жұртшылықты «Парасат орталығы» жұмысына тарту, сол арқылы қоғам назарын кітап оқуға аудару, жұртшылықты кітап оқу арқылы тәрбиелеуді жандандыру.
Қатысушылар: Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары Гүлмира Мұратқызы, Маңғыстау облысының дін істер басқармасының басшысы, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пәния Оңалбайқызы Сармурзина, зиялы қауымдар, ақын-жазушылар, украин және татар этно-мәдени бірлестіктері, Ш. Есенов университет мұғалімдері, Мәдениет басқармасына қарасты мекеме басшылары, колледж мұғалімдері, журналистер.
Аталмыш орталық ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бірлескен жобасы.«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ...
МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ...
"Ажур+" қолөнер үйірмесіне шақырамыз! Мақсаты: үйірме арқылы пайдаланушыларды ...
Библиомарафон( ашық аспан аясында): “Тәуелсіздік - тәңірден келген тәтті сый” ...
26 қаңтар күні ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен "Қазақстан ...
«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы аясында «Алпамыс ...
Жақында 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы ...
Кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан ...
Тәуелсіздік мерекесіне орай, Маңғыстау облысының әкімі С. Тұрымов Ә.Кекілбаев ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы “Үздік ...