"Парасат жолы" орталығы
Бүгін кітапханамызда «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығының салтанатты ашылуы болып өтті.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.
Мақсаты: Бүгінгі жиынымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ел азаматтары арасында парасаттылық пен адалдық қағидаттарын нығайту бағытында «Адалдық алаңы» аясында «Парасат жолы» орталығын құру. Біріккен іс-қимыл жоспарын жасау. Осы мақсатпен зиялы қауымдарды, ұлт өкілдері орталығын, білім басқармаларын, жұртшылықты «Парасат орталығы» жұмысына тарту, сол арқылы қоғам назарын кітап оқуға аудару, жұртшылықты кітап оқу арқылы тәрбиелеуді жандандыру.
Қатысушылар: Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары Гүлмира Мұратқызы, Маңғыстау облысының дін істер басқармасының басшысы, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пәния Оңалбайқызы Сармурзина, зиялы қауымдар, ақын-жазушылар, украин және татар этно-мәдени бірлестіктері, Ш. Есенов университет мұғалімдері, Мәдениет басқармасына қарасты мекеме басшылары, колледж мұғалімдері, журналистер.
Аталмыш орталық ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бірлескен жобасы.16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" ...
9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...
3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...
Бистро Fusion-де ашылды! Жақында Napoli кафесінде ашылады! ...
Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...
1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...
15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" ...
"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...
Біздің Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Өнер ...