«Ел бақытын тербеткен- Тәуелсіздік»
13 желтоқсан күні 16 желтоқсан Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңына орай, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында «Ел бақытын тербеткен- Тәуелсіздік» атты салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді. Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.
Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін күн. Тәуелсіздіктің келуімен бірге тарихта жас, егеменді елдің жаңа дәуірі басталды. Тарих үшін қас-қағымдай болған 26 жылдың ішінде Қазақстанның айрықша даму тәжірибесі қалыптасты.
Шара облыстық халық шығармашылық орталығының өнерпаздарымен бірлесе өткізілді. Кеш шымылдығы «Жазира» «халықтық» ұлт аспаптар ансамблінің көңілашар күйімен ашылды.
Шара барысында облыстық халық шығармашылық орталығының қызметкерлері Сейілхан Құсайынов, Құралай Әленова, Нұргүл Рамазанова, Бағжан Күдебаев, Бақтығали Жұмалин т.б әншілер мен күйшілер көрермендердің құлақ құрышын қандыра ән айтып, күй тартып зағип оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді. Өз кезегінде сөз алған арнаулы кітапхана директоры Гүлстан Гимрановна оқырмандарды мерекемен құттықтап, халық шығармашылық орталығының қызметкерлеріне алғысын білдірді.
16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" ...
9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...
3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...
Бистро Fusion-де ашылды! Жақында Napoli кафесінде ашылады! ...
Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...
1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...
15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" ...
"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...
Біздің Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Өнер ...