Арнаулы кітапханада
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының құрамында «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған» арнаулы кітапхана бөлімшесі бар. Мұнда қоғамның назар аударуын қажет ететін, басқа азаматтармен тең түрде толық ақпарат алып отыруға құқылы көз мүгедектеріне қызмет көрсетіледі. Жоспар бойынша әр түрлі ақпараттық шаралар ұйымдастырылады. Кітаптарды дауыстап оқып береді. Көзі көрмейтін азаматтарға арналған дауыстап жазатын (говорящий компьютер) бар. Брайль шрифінде нүктелі-бедерлі кітаптар бар. Қысқасы қоғамның әрбір мүшесі ақпараттан тыс қалмайды, бастысы ақпарат білуге қызығушылығыңыз болса Сіз құқылысыз.
16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" ...
9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...
3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...
Бистро Fusion-де ашылды! Жақында Napoli кафесінде ашылады! ...
Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...
1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...
15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" ...
"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...
Біздің Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Өнер ...