Қыл қаламның анасы
24 мамыр күні «Өнер» бөлімінде «Қыл қаламның анасы» атты қазақ қыздарының ішінен алғаш шыққан суретші, кескіндемеші Айша Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл толуына орай портрет кеш өтті.
Кешті кітапханашы Нағашыбаева Райхан жүргізді. Кешімізге өнерлі ұрпақ Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебінің сурет салу бөлімінің оқушылары мен мұғалімі Тазабекова Закира және "Арман", "Қайнар" аула клубтарының мүшелері қатысты.Кеш барысында Айша Ғарифқызының өмірбаяны, еңбегі таныстырылды. Кітапханамыздың «Өнер» бөліміндегі кітап қорынан Айша Ғалымбаеваның шығармалар жинағы, альбомдардан репродукциялар көрсетілді. А.Ғалымбаеваның шығармалары – тақырыптық суреттер, портреттер, қазақ әйелдерінің образы, натюрморт, әсем табиғатқа негізделген, сонымен бірге «Махаббат туралы аңыз», «Шабандоз қыз» атты фильмдерге эскиз жасаудағы еңбегі атап өтілді.
Тұрмыстағы құбылыс, қолмен жасалған ағаш үйдің ішіндегі бар дүниеге А.Ғалымбаеваның бала кезінен тамашалап, қызықтырған дүниелері екенін атап өтіп, міне сол қызығушылықтан туған әр түрлі өрнектер - оның «Қазақтың ұлттық киімдері» альбомын топтастыруға алып келгені айтылды. Өзіміздің тарапымыздан келген тыңдарманды қызықтырып, өздері қолымен сол оюды қиюларына мүмкіндік берілді.
«Мұраға қалмағанның бәрі қауқарсыз дүниелер» деп Ницше айтқандай, біз Айша Ғалымбаеваның бізге қалдырған мұрасын осы кеште тамашаладық.
16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" ...
9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...
3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...
Бистро Fusion-де ашылды! Жақында Napoli кафесінде ашылады! ...
Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...
1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...
15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" ...
"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...
Біздің Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Өнер ...