Аймақтық шаралар
Маңғыстау облыстық кітапханасы облыс шеңберінде ғана емес, республикалық, өңірлік ауқымда да кітапхана жұмысын жүргізілуде.
28 қаңтар күні Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдық мерейтойына орай, Орал қаласының Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасымен бірлескен «Қадыр қазынасы» атты әдеби–сазды кеш өтті. Шараға Орал қаласындағы Қадыр орталығының қызметкерлері, Ақтау қаласындағы Төлеген Айбергенов атындағы №19 мектеп–гимназиясының оқушыларымен, сынып жетекшілері, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенттері және кітапхана қызметкерлері қатысты. Кешке белгілі жазушы, сатирик, сазгер Ерекен Қорабаев және балалар ақыны, сазгер Көмек Ыбырайұлы қатысып, Қадыр Мырза Әли туралы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, қос кітапхананың жастары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның шығармашылығына деген құрметін білдірді. Кеш барысында М.Өскінбаев атындағы филармония әншісі Екпін Толқынхан және «Сайын Мәдениет үйінің» дәстүрлі ән жетекшісі Рахымбекова Анар ақынның сөзіне жазылған «Асыл әжем», «Құштар көңіл» әндерін орындап, кештің сәнін аша түсті. Бұл шара жас ұрпақты ақынның бай мұрасын жақын таныстырып, рухани азық сыйлаған мәнді де мағыналы кездесу болды. Мақсаты: Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылық мұрасын дәріптеу, оның әдеби қазынасын кейінгі ұрпаққа насихаттау.
23 сәуір күні Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Сағи Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасымен» бірлесіп «От кешкен өмір, өшпес ерлік» зум платформа арқылы онлайн шара өтті.
Шара барысында батыр қызымыздың ерлік жолы баяндалды. Әлия Молдағұлованың нағашы сіңілісі Әрия Бисембаевна естелігімен бөлісті және Ә.Молдағұлова атындағы музей қызметкері онлайн музейді аралатты. Әлия туралы өлеңдер оқылып, видеослайд көрсетіліп «Әлия» әні орындалды. Шараның мақсаты: Жас жеткіншек ұрпақтарды Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыру. Елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру. Оқушылардың бойына патриоттық сезімін ояту.
Оқуға ұсынамыз-Советуем прочесть: ДУМАН РАМАЗАН Автор көркем шығармаларда ...
Құрметті балалар, ата-аналар! Облыстық кітапханадағы Балалар бөлімі "Балалар ...
"Парасат жолы" орталығының жаңалықтары. Бүгін облысымызға іс сапармен келген ...
ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ 10 наурыз Ұлттық кітап күніне орай ...
1 наурыз күні кітапханамызда "Алғыс айтам саған, оқырман!" атты мерекелік кеш ...
Биыл Мемлекет және қоғам қайраткері Т.Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ...
Бүгін кітапханамызда «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығының салтанатты ашылуы болып ...
«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ...
МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ...
"Ажур+" қолөнер үйірмесіне шақырамыз! Мақсаты: үйірме арқылы пайдаланушыларды ...