• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

"100 кітап, 100 қазына"

"100 кітап" жобасы аясында Мұнайлы ауданның кітапханаларында түрлі форматта іс-шаралар өткізілді.

24 қыркүйек күні Қызылтөбе ауылдық кітапханасында жаңа оқырмандар арасында кітапханаға саяхат ұйымдастырылып, танымдық «сұрақ-жауап»  өткізілді, тұрақты көрмелер таныстырылып шолу жасалды, кішкентай оқырмандарға арналып «Ертегілер әлемі» таныстырылды.

Баянды ауылдық кітапханасында «Кітап – ұлттың жады» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Басқұдық ауылдық кітапханасында «Кітап тайм» ашық есік күні өтті. Шараға келген оқырмандар түрлі жанрдағы көркем шығармалармен, танымдық әдебиеттермен және заманауи қаламгерлердің еңбектерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға кітап оқудың пайдасы, оқу мәдениетін қалыптастырудың маңызы және уақытты тиімді пайдаланудың жолдары жөнінде кеңестер берілді. Сонымен қатар, «Таңдаулы 100 кітап», «Бір ел – бір кітап» атты мазмұнды көрмелер ұйымдастырылып, оқырмандар сүйікті кітаптары жайлы әсерлі әңгімелерін ортаға салды.

25 қыркүйек күні Фариза Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам кайраткері, ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған I аудандық «Жыр жауһары» өнер фестивалі өтті. Аталған шараға Мұнайлы  аудандық орталық  кітапхана қорындағы кітаптардан кітап көрмесі жасақталды.  Кітап көрмесінің негізгі бағыты «Жүз кітап – жүз қазына» акциясы аясында  ұйымдастырылды.                      Кітап көрмесіне Фариза Оңғарсыноватың көп томдық шығармалар жинағы, «Дауа», «Шілде», «Таңдамалы» және тағы басқа кітаптары мен мерзімді баспасөз басылымдары, дәйек сөздер оқырмандар назарына ұсынылды.

 




⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні!  Құрметті оқырмандар! Сіздерді ...

Жаңалыққа өту  

Ұлт ұстазына арналған сайыс мәресіне жетті!  ҚР Мәдениет министрлігінің ...

Жаңалыққа өту  

8 маусым күні облыстық кітапханасына мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары ...

Жаңалыққа өту  

7 маусым күні кітапханамызда "Облыстық және білім беру ұйымдарының кітапхана ...

Жаңалыққа өту  

Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты 5 маусым күні ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда  “Сыр” оқырмандар клубының кезекті отырысы өткізілді. Ортада ...

Жаңалыққа өту  

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының ...

Жаңалыққа өту  

25-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында "2022 жыл - Балалар жылы" аясында ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу