«Бір өлке – бір тұлға» жобасы
8 қазан күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында «Бір өлке – бір тұлға» жобасы аясында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың,, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Сабыр АДАЙмен “Әр қазақ - менің жалғызым” атты кездесу кеші өтті. Әдеби кешке өлкеміздің зиялы қауым өкілдері қатысты. Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі Әзімхан АДАЙ, Маңғыстау Өнер колледжінің студенті Сұңқар АМАНДЫҚ ағаның сөзіне жазылған ән мен жырдан шашу шашты. Студенттер, хабарландырудан көріп арнайы дайындалып келген кітап сүйер оқырмандар көркемдеп өлең оқыды. Кеш иесі қонақтарға, өнер көрсеткен жастарға соңғы жарық көрген кітаптарын тарту етті. Шараға 109 адам қатысты.
17 қазан күні Өлкетану залында жас оқырмандарды, жалпы өлең сүйер қауымды осындай ақынның кешіне тарту, өлеңдерін оқуға наихаттау, шығармашылымен таныстыру мақсатымен ақын, ұлағатты ұстаз Светлана Мұқышеваның «Жырларым – сырларым» атты әдеби шығармашылық кеші өткізілді. Шараға ақынның кітабына алғы сөз жазған ақын, Жазушылар Одағының мүшесі Шора Тәжіғали қатысты. Шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, өмірбаяндық бейнебаян көрсетілді. Шараға 32 адам қатысты.
«Жеті қайқының» бірі, Өскінбай Қалманбетұлы — қазақ күй өнерінің біртуар тұлғасы, оның шығармалары ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа өтетін рухани мұра болып табылады. 19 қазан күні Өлкетану залы күйші Өскінбай Қалманбетұлының туғанына 165 жыл толуына орай "Өнерді жасымыздан өрнек еттік” атты онлайн ақпаратты оқырмандарға ұсынылды. Онлайн ақпарат сағатында кітапханашылар Өскінбай Қалманбетұлының өмірі мен шығармашылығын еске ала отырып, оның ұлт мәдениетіне қосқан зор үлесін тағы да бір рет атап өтті.
⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, ...
Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні! Құрметті оқырмандар! Сіздерді ...
Ұлт ұстазына арналған сайыс мәресіне жетті! ҚР Мәдениет министрлігінің ...
8 маусым күні облыстық кітапханасына мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары ...
7 маусым күні кітапханамызда "Облыстық және білім беру ұйымдарының кітапхана ...
Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты 5 маусым күні ...
Кітапханамызда “Сыр” оқырмандар клубының кезекті отырысы өткізілді. Ортада ...
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының ...
25-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында "2022 жыл - Балалар жылы" аясында ...
























