«Халықтың таңдаулы 100 кітабы»
"100 кітап" жобасы аясында Бейнеу аудандық кітапханасының Ақжігіт ауылдық кітапханасында 21 тамыз күні «Жүрекке жол тапқан 100 кітап» атты әдеби подкаст ұйымдастырылды. Подкаст барысында қазақ әдебиетінің алтын қазынасына айналған шығармалар жайлы пікір алмасып, оқырмандарға рухани бағыт-бағдар берілді. Шарада «Халықтың таңдаулы 100 кітабы» жобасына енген туындылардың мазмұны мен тәрбиелік мәні талқыланып, олардың жастарға берер тағылымы кеңінен сөз болды. Оқырмандарға белгілі қаламгерлердің шығармаларынан үзінділер ұсынылып, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға мән берілді. Подкаст соңында қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісіп, әдебиеттің адам өміріндегі маңызы мен рухани әлемді байытудағы рөлі жайында ой толғады. Бұл әдеби басқосу кітапсүйер қауымға ерекше әсер қалдырып, әр жүрекке кітаптың қадірін сезіндіре білді.
Төлеп ауылдық кітапханасында ерекше кеш өтті! Таңдаулы "100 кітап" жобасы аясында ұйымдастырылған "100 кітап — 100 сыр" атты лотереялық кешке кітапханамыздың тұрақты оқырмандары жиналды. Оқырмандар билеттер суырып, ондағы кітаптарды мазмұндап, өз білімдерін ортаға салды. Екінші кезеңде – таңдаулы 100 кітап ішінен қойылған викториналық сұрақтарға жауап беріп, өздерінің тапқырлығы мен білімін көрсетті. Соңғы кезеңде қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды. Бейнеу аудандық кітапханасының атынан берілген сыйлық кешке ерекше сән берді. Шара соңында оқырмандар "Таңдаулы 100" кітап көрмесін тамашалап, өздеріне жаңа рухани олжалар жинады. Бұл кеш – кітаптың құдіретін, оқырманның ынтасын, руханияттың биіктігін тағы бір мәрте дәлелдеген тамаша басқосу болды!
⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, ...
Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні! Құрметті оқырмандар! Сіздерді ...
Ұлт ұстазына арналған сайыс мәресіне жетті! ҚР Мәдениет министрлігінің ...
8 маусым күні облыстық кітапханасына мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары ...
7 маусым күні кітапханамызда "Облыстық және білім беру ұйымдарының кітапхана ...
Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты 5 маусым күні ...
Кітапханамызда “Сыр” оқырмандар клубының кезекті отырысы өткізілді. Ортада ...
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының ...
25-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында "2022 жыл - Балалар жылы" аясында ...
























