«Менің атым – Махамбет» тарихи-танымдық сағат
Облыстық кітапханасында батыр, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Менің атым – Махамбет» тарихи-танымдық сағаты өтті. Іс-шараға Ш.Есенов атындағы университеттің студенттері қатысты. Бақтөреев Жантөре, Сайлау Әлихан, Тілек Берекет, Артур Алина, Қайнар Сүйеубаев сынды өнерпаздар өнер көрсетіп, ақынның өлеңін оқып, күйін тартып, жырын айтты.
Сонымен бірге, кеш қатысушыларына «Дауылпаз ақын Махамбет» атты кітап көрмесі таныстырылды.
«...Еділдің бойы ен тоғай
Ел қондырсам деп едім,
Жағалай қонған сол елге
Мал толтырсам деп едім...» деп, елдің теңдігі мен жердің кеңдігі жолында жанын құрбан еткен Махамбет Өтемісұлының аты қашан да ұлықталуы тиіс деп білеміз.
Кітапханамыздың оқу залында заңғар жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш ...
27 қыркүйек күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...
Облыстық кітапханамызда қыркүйектің 24,25 жұлдызында ҚР Ұлттық кітапханасының ...
Кітапханамызда Маңғыстау облысының мəдениет, тілдер жəне архив ісі басқармасы ...
18 қыркүйек күні кітапханамыздың өнер бөлімінде Мұрын жырау Сеңгірбекұлының ...
Отбасы күніне орай кітапханамызда айтары бар, көңілге түйгені мол, көп жыл ...
"Әбіш оқулары" Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының "Жігер" ...
25 тамыз күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында кітапханашы ...
Кітап фримаркеті - кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Енді ...
Шынайы - өнер, шынайы талант қанша жыл өтсе де мұқалмай, жаңа қырынан көрініп, ...