• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Арнаулы кітапхана филиалындағы клубтар мен үйірмелер жұмысы

 Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған филиалында жүргізілетін үйірмелердің жұмысы жөніндегі мәлімет:

      Арнаулы кітапхана филиалында  4 үйірме жұмыс жасайды. 3 үйірмені қоғамдық қызметкер жүргізеді, 1 үйірмені ерікті оқырман жүргізеді:

2022 жылы үйірмелер қатарына қазақ тілінің мәртебесін арттыру мақсатында, орыс тілді оқырмандар мен басқа ұл өкілдеріне қазақ тілін насихаттау, үйрету мақсатында «Тіл - достықтың алтын көпірі» атты үйірме іске қосылды. Үйірмені қоғамдық қызметкер, І топтағы көз мүгедегі: Жалғасбаев Алпысбай мырза жүргізеді.

"Шектеусіз мүмкіндік» компьютерлік сауаттылыққа үйрету. Жүргізетін: 1 топтағы көз мүгедегі Петренко Наталья.

Мақсаты:  Зағип оқырмандарды ДК - мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары – процессормен, ЖЖҚ  - мен таныстыру. Үйірменің уақыты:  Әр аптаның сейсенбі күні болады.        

«Саусақ ұшындағы әлем» брайль жүйесімен оқып-жазуға үйрету үйірмесі. Жүргізетін: 1 топтағы көз мүгедегі Кусайынова Саида. Мақсаты: І және ІІ топтағы көз мүгедектеріне Брайль жүйесін үйрету; Зағип пайдаланушылармен жеке жұмыс; Брайль оқуын насихаттау мақсатында Брайль жүйесінде жазу және оқу байқауларын өткізу;  Брайльдық әдебиеттерді оқуға баулу. Үйірменің уақыты:  Әр аптаның бейсенбі күні болады.

«Әлемдегі қызықтар...» үйірмесі, жүргізетін кітапханамыздың тұрақты оқырманы Муравенко Валентина. Мақсаты:  Көз жанарынан айы¬рылған адамдарға газет, жур¬на묬дардан ақпараттар оқып, дауыс¬тап оқу сағаттарын өткізеді. Мерзімді басылымдар секторының тұрақты оқырмандары мен жастар  арасындағы ақпарат алмасу, басылымдардағы тың мақалаларды сөз талқыға салу, ақпарат көздеріне жедел талдау жасау, жоспарға сай бірлесе кештер өткізу.

Үйірменің уақыты:  Әр аптаның жұма күні болады.




Кітапханамыздың оқу залында заңғар жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш ...

Жаңалыққа өту  

27 қыркүйек күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық кітапханамызда қыркүйектің 24,25 жұлдызында ҚР Ұлттық кітапханасының ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда Маңғыстау облысының мəдениет, тілдер жəне архив ісі басқармасы ...

Жаңалыққа өту  

18 қыркүйек күні кітапханамыздың өнер бөлімінде Мұрын жырау Сеңгірбекұлының ...

Жаңалыққа өту  

Отбасы күніне орай кітапханамызда айтары бар, көңілге түйгені мол, көп жыл ...

Жаңалыққа өту  

 "Әбіш оқулары" Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының "Жігер" ...

Жаңалыққа өту  

25 тамыз күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында кітапханашы ...

Жаңалыққа өту  

Кітап фримаркеті - кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Енді ...

Жаңалыққа өту  

Шынайы - өнер, шынайы талант қанша жыл өтсе де мұқалмай, жаңа қырынан көрініп, ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу