Маңызды диалог және даму алаңы
2025 жылдың шілде айында Маңғыстау креатив алаңы қоғамдық белсенділер мен шығармашылық бастамашылардың басын қосқан маңызды диалог және даму алаңына айналды. Ай бойы алаңда түрлі әлеуметтік, мәдени, ағартушылық бағыттағы кездесулер мен шаралар ұйымдастырылып, қоғамның әр саласынан жиналған азаматтарға ашық пікір алмасуға, жаңа білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік берілді.
3-4 шілде күндері облыс мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған екі күндік оқыту тренингі өтті. Тренинг барысында қатысушылар кәсіби тәжірибе алмасып, тиімді коммуникация мен басқару әдістерін меңгерді.
https://www.instagram.com/share/BAKaTaXzDG
https://www.instagram.com/share/_haGb8wfL
5 шілде күні "Сүмбіле" аналар клубының бастамасымен мәдени және тәрбиелік бағыттағы екі бірдей шара өтті. Сағат 13:00-де «Қыз Жібек» фильмін талқылау ұйымдастырылса, одан кейін клуб мүшелері «Күретамыр» кітабы төңірегінде ашық пікірталас өткізді. Бұл кездесулер отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылауға арналды.
https://www.instagram.com/share/BBQr-zKG23
https://www.instagram.com/share/BALuxMzeUf
9 шілде күні креатив алаңында бір күнде екі маңызды шара өтті: ұлы Абай мұрасын жастар санасына сіңіруге бағытталған «Абай әлеміне шолу» атты тәрбиелік іс-шара мен Абайдың қара сөздеріне терең әдеби талдау жүргізілді.
19-20 шілде күндері «Арманшыл жандар клубының» жетекшісі Базарбаева Салтанаттың бастамасымен «Инстаграмнан табыс табу жолдары» атты практикалық семинар өткізілді. Тыңдаушыларға әлеуметтік желі арқылы жеке бренд қалыптастыру мен онлайн табыс табу жолдары үйретілді.
20 шілде күні жазушы Дулат Исабековтің «Сүйекші» шығармасы негізінде «Kitap Time» кітап талқылау алаңы өтті.
27 шілде күні Гүлнар Көптілеуованың бастамасымен маркетингке арналған кітап талқылау сабағы өтті. Бұл кездесу қатысушыларға нарықтық ойлау стратегияларын тереңірек меңгеруге жол ашты.
Сонымен бірге МАҢҒЫСТАУ КРЕАТИВ АЛАҢЫнда басқа да керемет іс-шаралар мен кездесулер ұйымдастырылып өтті.
«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы аясында «Алпамыс ...
Жақында 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы ...
Кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан ...
Тәуелсіздік мерекесіне орай, Маңғыстау облысының әкімі С. Тұрымов Ә.Кекілбаев ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы “Үздік ...
16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" ...
9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...
3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...
Бистро Fusion-де ашылды! Жақында Napoli кафесінде ашылады! ...
Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...