Техникалық әдебиеттер бөлімінде
Қазіргі уақытта дүние жүзінің барлық өнеркәсібі дамыған елдерінде энергияны үнемдеу мәселелері жоғары қарқынмен шешілу үстінде. Дамыған елдер мен Қазақстанның энергия ресурстарын тұтыну деңгейін салыстырмалы түрде талдау, біздің елімізде жалпы ішкі өнімнің энергияны пайдалануының ара салмағы әлемдік көрсеткіштерден айтарлықтай асып түсіп отырғанын көрсетеді.
11.11.2025 ж. Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасының Техникалық әдебиет бөлімінде энергия үнемдеу күніне орай «Күн сәулесі – болашақ энергия көзі» атты хабарлау күні өтті. Оған «Н.Бекбосынов атындағы энергетикалық колледжі» мамандық КИПА 2 курс студенттері мен оқытушысы Агниязова Нұргүл, Тапабаева Замира, Асанова Нұрдаулет қатысты.
https://www.instagram.com/p/DQ6ZsZ0CKwH/?igsh=YnQ0ZzF3bmd6Njls
14.11.2025 ж. облыстық кітапханасының Техникалық әдебиет бөлімінде ҚР Президенттің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы қызметкерлері саяхатқа келіп, кітапхана бөлімдерімен, кітапхананың кітап қорымен, әріптік, жүйелік каталогтармен, жаңа кітап көрмелерімен таныстырылды.
2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастама еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуға, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және өндіріс саласына жас мамандарды тартуға бағытталған маңызды қадам болып отыр.
Жұмысшы — экономика дамуының тірегі. Құрылысшы, дәнекерлеуші, электрик, механик, аспаз, тігінші, шаштараз, токарь, слесарь, жүргізуші сияқты мамандық иелері — күнделікті өміріміздің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін елеусіз, бірақ аса маңызды адамдар. Оларсыз ешбір кәсіпорын, мекеме, өндіріс орны жұмыс істей алмайды.
21.11.2025 ж. Техникалық әдебиет бөлімінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жұмысшы әлеміне саяхат» атты тақырыптық сағат өтті. Шараға КазККА Ақтау көлік колледжінің мамандығы 1 курс студенттері мен кітапханашысы Ералы Балғаным қатысты. Мақсаты: Жұмысшы мамандықтарын танымал ету және жұмысшы мамандығын жұмысқа тарту.
https://www.instagram.com/reel/DRUEBYGCA04/?igsh=MWc0dmNrY2NwMjdhMg==
13 желтоқсан күні кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбайұлы атындағы конференц залында ...
10 желтоқсан күні кітапханамызда Өнер бөлімі тарапынан ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл ...
6 желтоқсан күні кітапханамызда "Ашық кітапхана" атты облыстық жас маман ...
6 желтоқсан – Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш ...
15 қараша күні кітапханамыздың конференц залында «Ұлттық валюта – төл теңге» ...
АБЫЗДЫҢ АБЫЗДЫҒЫН АЙҚАРА АШҚАН қаламгер, майталман мәдениеттанушы Сауытбек ...
18 қазан күні "Тәуелсіздік керуені" акциясы аясында кітапханамыздың кітап қорын ...
30 қыркүйек күні кітапханамыздың Балалар бөлімінде жергілікті ақын, журналист ...
2022 жылы еске алынатын күндердің ...
Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Жасөспірім ...























