"Парасат жолы" орталығы
Бүгін кітапханамызда «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығының салтанатты ашылуы болып өтті.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.
Мақсаты: Бүгінгі жиынымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ел азаматтары арасында парасаттылық пен адалдық қағидаттарын нығайту бағытында «Адалдық алаңы» аясында «Парасат жолы» орталығын құру. Біріккен іс-қимыл жоспарын жасау. Осы мақсатпен зиялы қауымдарды, ұлт өкілдері орталығын, білім басқармаларын, жұртшылықты «Парасат орталығы» жұмысына тарту, сол арқылы қоғам назарын кітап оқуға аудару, жұртшылықты кітап оқу арқылы тәрбиелеуді жандандыру.
Қатысушылар: Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары Гүлмира Мұратқызы, Маңғыстау облысының дін істер басқармасының басшысы, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пәния Оңалбайқызы Сармурзина, зиялы қауымдар, ақын-жазушылар, украин және татар этно-мәдени бірлестіктері, Ш. Есенов университет мұғалімдері, Мәдениет басқармасына қарасты мекеме басшылары, колледж мұғалімдері, журналистер.
Аталмыш орталық ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бірлескен жобасы.28-қараша күні "Достық" үйінде қазақ халқының, қазақ әдебиетінің маңдайына ...
17.11.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет ...
16-қазан күні облыстық кітапханасының конференц залында Қазақстан ...
2023 жылғы 12 қазанда, Ақтау қаласында Достық үйінде Қ. Сыдиықұлы атындағы ...
26.09.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...
Бүгін кітапханамызда «KitapTime - 2023» жалпы республикалық кітап фестивалі облыстық ...
Бүгін облыстық кітапханаға қазақ эпосының белгілі зерттеушісі, аудармашы ...
Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы және ҚР Сыбайлас ...
Бүгін елімізде Абай күні аталып өтеді. Еске салайық, 2020 жылдың 4 тамызында ...
Биыл Алаш жұртының әйгілі перзенті, ғұлама ғалым, ақын, фольклоршы Мәшһүр Жүсіп ...