Жаңа идеялар мен бастамалар
2025 жылдың қазан айы Маңғыстау креатив алаңында жемісті де мазмұнды айлардың бірі болды. Ай бойы түрлі бағыттағы кездесулер, танымдық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, қатысушыларға пайдалы ақпарат пен жақсы көңіл күй сыйлады. Қазан айы жаңа идеялар мен бастамаларға толы болып, адамдардың бір-бірімен тәжірибе алмасуына және рухани дамуына мүмкіндік берді. Көптеген шаралар сәтті өтіп, қатысушылар жағымды эмоция мен шабыт алды. Шараларға 580-нен астам адам қатысты.
4-қазан күні Ислам Ерсұлтанның жетекшілігімен ағылшын тілінен Speaking дағдысын дамытуға арналған сабақ өткізіледі. Сабақ қатысушылардың тілдік дағдыларын жетілдіруге бағытталды.
Боровикова Диананың ұйымдастыруымен «Kua bolaiyq» жастар клубының ағылшын тілінде сөйлеу бойынша шағын жиналысы өтті. Бұл шара жастардың бір-бірімен ағылшын тілінде еркін сөйлесуіне мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, «Бірлік» әдеби-мәдени клубының кезекті отырысы өтті. Кездесуде Штефан Свайгтің «Шахматшы» атты әңгімесі талқыланып, қатысушылар шығарма мазмұнын тереңірек талдады.
5-қазан күні Көптілеуова Гүлнардың ұйымдастыруымен «Абайдың қара сөздерін талқылау және сұрақ-жауап» тақырыбында танымдық жиналыс өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі терең философиялық ойларды талқылап, әрбір сөздің мән-маңызына тоқталды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында сұрақ-жауап түрінде пікір алмасу ұйымдастырылып, жастардың рухани дүниесін байытуға бағытталған әсерлі жиын өтті. Жиналыста қатысушылар белсенділік танытып, іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.
8-қазан күні Толқын Құсайынованың ұйымдастыруымен «Парасат орталығының» қатысуымен танымдық бас қосу жиналысы өтті. Жиында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрді сақтау, өскелең ұрпақ тәрбиесі басты назарда болды. Кездесу барысында қатысушылар қоғамдағы парасаттылық құндылықтары, мәдениет пен рухани даму бағытында ой бөлісіп, орталықтың алдағы жоспарлары талқыланды. Іс-шара достық атмосферада ұйымдастырылды.
Кешкі уақытта, «Шам» орталығының ұйымдастыруымен, Камалов Батыржанның жетекшілігімен орталықтың жиналысы өткізілді. Басқосуда орталықтың ағымдағы қызметі мен алдағы жоспарлары қарастырылып, еріктілер арасында пікір алмасу өтті. Жиналыс достық және ынтымақтастық рухында жоғары деңгейде өтті.
11-қазан күні Көптілеуова Гүлнардың жетекшілігімен «Абайдың қара сөздері» атты танымдық жиналыс өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы тәрбиелік мән мен өмірлік қағидаларды талқылап, әр қара сөздің терең философиялық астарына тоқталды. Жиналыс жылы және рухани атмосферада өтіп, қатысушылардың ой-өрісін кеңейтуге сеп болды.
15-қазан күні Аралбаев Қанаттың ұйымдастыруымен, спикер ретінде Оразымбетовна Алмагүл Багиевна қатысқан «Отбасылық және мотивациялық тренинг» өтті. Тренинг барысында қатысушылар отбасылық құндылықтар, өзара түсіністік, рухани және жеке даму тақырыптарында ой бөлісті. Алмагүл Багиевна мотивацияның өмірдегі маңыздылығына тоқталып, қатысушылармен тәжірибе алмасты. Тренинг нәтижесінде қатысушылар жағымды әсер алып, өз өмірінде қолдануға болатын пайдалы кеңестер алды.
18-қазан күні Ислам Ерсұлтанның ұйымдастыруымен Kino Time жобасы аясында тыңдалым (listening) дағдысын дамытуға арналған интерактивті сабақ өтті. Іс-шара Үлкен лед залда ұйымдастырылып, оған 15 қатысушы қатысты. Сабақ барысында қатысушылар түрлі бейнематериалдар арқылы ағылшын тіліндегі тыңдалым қабілетін жетілдіріп, тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, «Бірлік» әдеби-мәдени клубының ұйымдастыруымен «Рухани көшу» атты танымдық лекция өтті. Кездесу барысында рухани жаңғыру, мәдени құндылықтар және тұлғалық даму тақырыптары қозғалып, қатысушылар арасында мазмұнды пікір алмасу болды.
19-қазан күні Көптілеуова Гүлнардың жетекшілігімен Абайдың қара сөздерін талқылауға арналған әдеби жиын өтті. Бұл іс-шарада ұлы ойшылдың философиялық ой-толғамдарын талдап, терең мағыналы пікірлерімен бөлісті.
Сол күні Балғын Әділбаеваның ұйымдастыруымен Элиф Шафактың еңбектері мен кітаптарын талқылау өтті. Іс-шара жылы, еркін форматта өтіп, қатысушылар заманауи әдебиеттің өзекті тақырыптарын талқылап, әсерлі ойларымен бөлісті.
20-24 қазан аралығында Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының баспасөз хатшыларына арналған «CONTENT HUB» әлеуметтік жобасы өтті. Бұл жоба өңірлік ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асты. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының баспасөз хатшылары әлеуметтік желілердің алгоритмдерін үйренді. Теорияны меңгерумен қатар, практикалық жұмыстар істеп, тәжірибесін шыңдады. Қатысушылар алты топқа бөлініп, арнайы TikTok парақшалар ашты. Бұл TikTok парақшаларға теорияда көрсетілген кейстер қолданылған видеолар жарияланды. 20-24 қазан аралығында өтіп жатқан курсқа қатысушыларға оқу нәтижесінде арнайы сертификаттар табысталды.
26-қазан күні Көптілеуова Гүлнардың ұйымдастыруымен Абайдың қара сөздерін талқылауға арналған әдеби кездесу өтті. Қатысушылар Абайдың өмірлік философиясын, адамгершілік пен рухани даму тақырыптарын терең талқылап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Кездесу жылы әрі зияткерлік атмосферада өтті.
Сол күні Кенжеева Гүлмираның бастамасымен әйелдерге арналған «Қай жерден мен өзімді жоғалтып алдым?» атты ашық талдау (разбор) өтті. Кездесу барысында әйелдер өздерінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі тану, эмоционалды тепе-теңдік пен өмірлік құндылықтар жайлы ашық пікір алмасты. Шара жылы әрі қолдау атмосферасында өтті.
Нутрициолог Гүлмайраның жетекшілігімен Нейрографика бойынша сабақ өткізілді. Қатысушылар нейрографика әдісі арқылы өз ойлары мен сезімдерін шығармашылық жолмен бейнелеуді үйреніп, стресс деңгейін төмендету мен ішкі үйлесімділікті табудың тәсілдерін меңгерді.
Нейропсихолог Еңсегенова Мәриямның ұйымдастыруымен «Нейропсихологияның бала дамуында маңызы» тақырыбында танымдық тренинг өтті. Тренинг барысында балалардың когнитивті және эмоционалды дамуына нейропсихологияның әсері, ата-аналарға арналған практикалық кеңестер мен әдістемелік тәсілдер талқыланды. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.
Күннің екінші жартысында, танымал әнші Taspayмен кездесу өтті. Іс-шара Кіші лед залда ұйымдастырылып, қатысушылар сүйікті әртісімен сұхбат құрып, өнер жолы мен шығармашылық тәжірибесі жайлы қызықты ақпарат алды. Кездесу әсерлі әңгімелер мен музыкалық сәттерге толы болды.
28-қазан күні Жарылқасынов Бекжан Отанұлының бастамасымен «Мас күйде жеке көлікті басқару салдары» тақырыбында танымдық кездесу өткізілді. Іс-шараға 45 әскери қызметші қатысты. Кездесу барысында мас күйде көлік жүргізудің заң алдындағы және адам өмірі үшін қауіпті салдары кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар жол қауіпсіздігін сақтау мен жауапкершіліктің маңыздылығын талқылап, бейнероликтер мен нақты мысалдар арқылы өз ойларын ортаға салды.
29-қазан күні Жарылқасынов Бекжан Отанұлының ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті. Кездесу барысында отбасыдағы зорлық-зомбылықтың түрлері, оның құқықтық және психологиялық салдары, сондай-ақ алдын алу жолдары туралы маңызды мәліметтер берілді. Қатысушылар пікірталасқа қатысып, өз көзқарастарын білдірді.
Сол күні Жанымнұр Сәкенқызының ұйымдастыруымен «Кәсіби бағдар: табысты болашаққа бастар жол» атты кездесуі өтті. Кездесуге профориентолог мамандар шақырылып, олар мамандық таңдаудың негізгі қадамдары мен заманауи еңбек нарығындағы үрдістер туралы кеңінен баяндады. Қатысушылар кәсіби бағыт таңдаудағы маңызды факторлармен танысып, практикалық кеңестер алды.
31-қазан күні Толқын Құсайынованың ұйымдастыруымен «Парасат Ақтау» бірлестігі «Ел туын тіктеген ер» атты ақындар мүшәйрасын өткізді. Бұл әдеби шара Сайын Шапағатовтың 85 жылдығына орай ұйымдастырылып, ақындар Сайын Шапағатовтың ерлік жолы мен елге сіңірген еңбегін жырлап, өз шығармаларын көпшілік назарына ұсынды. Шара әсерлі өлеңдер мен рухани мазмұнға толы естеліктер арқылы көрермендердің жүрегіне жол тапты.
Маңғыстау креатив алаңында: 8-қазан күні Қалалық Мәслихат депутаттарының ...
2025 жылдың қазан айы Маңғыстау креатив алаңында жемісті де мазмұнды айлардың бірі ...
23 қазан күні облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен ...
15 қазан күні облыстық кітапханасының Өнер секторында Халықаралық музыка күніне ...
8 қазан күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында «Бір өлке – бір тұлға» ...
Облыстық кітапханасының Балалар әдебиеттер бөлімінде 8-қазан күні балалар ақыны ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының арнаулы ...
15 қазан - Халықаралық Ақ таяқ күніне орай зағип жандарға арналған кітапхана ...
Облыстық кітапханамызда дәстүрге айналған іс-шаралардың біреуі - 18-наурыз - ...
Облыстық кітапханасының Мерзімді басылымдар залы Жаңаөзен газетінің 35 ...
























