Тәуелсіздік туы, желбіре!
12 желтоқсан күні кітапханамыздың балалар бөлімінде "Тәуелсіздік туы, желбіре!" атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке қаламыздағы № 8 мектептің 4 "а", "б " сынып оқушылары және №15 мектептің 5 сынып оқушылары қатысты. Балаларға Тәуелсіздік туралы мағлұмат беріліп, оқушылар өздері дайындап келген " Ата = бабам аңсаған тәуелсіздік" атты көрінісін көрсетті. Тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. 15 мектептің оқушысы Қаржаубай Диляра Ғ. Құрманғалиевтің " Қазақстан " әнін домбырамен шырқап берді. Балаларға Желтоқсан оқиғасы туралы айтылып, Желтоқсан қаһармандарына арналған өлеңдері оқылды. "Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан " атты кітап көрмесі жасақталып, балаларға таныстырылды. Кеш жүргізушісі: кітапханашы Күланда Хасанова.
Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген кітапханашысы Назира Қожахметқызы Даулетованың ...
Мұнайлы аудандық орталық кітапханасында Ұлттық кітап күні және жаңартылған ...
Ұлттық кітап күні аясында Маңғыстау облыс кітапханаларында түрлі іс-шаралар ...
Бүгін, 23 сәуір - Ұлттық кітап күніне және Кітапханашылар күніне орай Қабиболла ...
2025 жылдың желтоқсан айында Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық ...
4-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Түркі ғылыми мифологиясының ...
Өлкеміздің жыршы, домбырашысы Әлқуат Қожабергенұлының 115 жылдығына орай «Қолыма ...
Бүгін, 16 сәуір күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай ...
Биылғы жылдың І тоқсанында Маңғыстау облыстық кітапханасының Шетел әдебиеттер ...
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «2026 жылды ...

























