Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай
Ұлы Отан соғысы – тек майдан даласындағы ерлік қана емес, сондай-ақ тылдағы ерлік, партизандардың жұмысы, әйелдер мен балалардың жеңіс жолындағы еңбегі. Өшпес даңқ пен қайсарлықтың, Отанға деген сүйіспеншілік пен жанқиярлық ерліктің үлгісіне айналған.
Маңғыстау облыстық кітапханасында және қала, аудандық кітапханаларында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 30-дан астам іс-шаралар, кітап көрмелер ұйымдастырылып, өткізілді. Қатысушылар саны: 1086 адам.
27 ақпан Оқу залы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына «Соғыс туралы кітап айтады» атпен кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеден орын алған жауынгерлердің батырлықтарын айқындайтын әдеби шығармалар мен өлеңдер, Жеңіс туралы жазылған ғылыми еңбектер мен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ғалымдардың естеліктерімен сарбаздар жақынырақ танысты.
23 сәуір күні Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына және Ұлы Жеңітің 80 жылдығына орай «Сағи Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасымен» бірлесіп «От кешкен өмір, өшпес ерлік» Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған онлайн шара өтті. Шара барысында батыр қызымыздың ерлік жолы баяндалды. Әлия Молдағұлованың нағашы сіңілісі Әрия Бисембаевна естелігімен бөлісті және Ә.Молдағұлова атындағы музей қызметкері онлайн музейді аралатты. Әлия туралы өлеңдер оқылып, видеослайд көрсетіліп «Әлия» әні орындалды. Шараның мақсаты: Жас жеткіншек ұрпақтарды Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыру; елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру. Оқушылардың бойына патриоттық сезімін ояту.
17 сәуір күні «Кітап&кино» жобасы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының жазушысы Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» шығармасының желісімен түсірілген «Бауыржан Момышұлы» атты кинофильмі көрсетіліп, талданды.
Оқырмандарға Ұлы Отан соғысы туралы тарихи деректерге сүйене отырып мәліметтер берілді.Ұлы Отан соғысында отан үшін от кешкен–қаламгер, Кеңес Одағының Батыры, даңқты жауынгер, әскери қолбасшы, стратег және тактик Бауыржан Момышұлы туралы айтылды. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап» басқада шығармаларымен таныстырылды.
2 мамыр - Оқу залы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай кітапханада "Ерліктің жарқын беттері" атты тарихи-сағат ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен жауынгерлердің батырлығын ұлықтау, тарихи оқиғаларды жастарға жеткізу және соғыс жылдарындағы халықтың жанқиярлық еңбегін дәріптеу. Сонымен қатар, шара қатысушыларға Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыруды, ел тарихына құрметпен қарауға, Жеңіс үшін күрескен майдангерлер мен тыл ардагерлерінің ерлігін бағалауға тәрбиелеу.
Іс-шараға 3502 әскери бөлімінің жеке құрам сарбаздары, «Қылмыстық атқару жүйесі» комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ колледж студенттері қатысты. Шара барысында соғыс тақырыбындағы бейнематериалдар көрсетілді. Онда соғыс жылдарындағы тарихи деректер мен оқиғалар, Қазақстаннан шыққан батырлардың өмір жолдары мен ерліктері қамтылды. Сонымен қатар, қатысушылар назарына поэзиялық шығармалар ұсынылып, соғыс тақырыбындағы өлеңдер оқылды.
Аталмыш мерекеге орай кітапханада "Соғыс туралы кітап айтады" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ұлы Отан соғысына қатысты тарихи-танымдық еңбектер, деректі материалдар, әскери мемуарлар, отандық жазушылардың көркем шығармалары қойылды. Қазақстаннан шыққан Кеңес Одағы Батырлары туралы кітаптар, соғыстың зардаптары мен жеңістің маңызын баяндайтын зерттеулер де көрмеде ұсынылды. https://www.instagram.com/madeniet_mangystau/reel/DJJ-sJKsPJk/
06.05.2025 ж. «Ерлік жырын жырлаймыз» 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай әдеби-сазды кеш өткізілді, «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты көрме таныстырылды. Мақсаты:балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, аталарымыздың, соғыс батырларының ерлігін үлгі тұту. Балалар соғыс тақырыбындағы өлеңдер оқыды, қойылым көрсетті, әндер айтты. Шараға қаламыздағы №16, № 23 орта мектеп оқушылар қатысты, кешке белсене қатысқан оқушыларға сыйлықтар үлестірілді.
8 мамыр - Абонемент бөлімі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Қару мен қалам» майдангер қаламгерлер хақында ақпараттық сағат өткізді.. Шара барысында соғыс жылдарында қаламын қаруға айырбастап, ерлік пен елдік рухын ту еткен майдангер жазушылардың өмір жолы мен шығармашылық еңбектері кеңінен қамтылды. Атап айтқанда, Бауыржан Момышұлы, Әзілхан Нұршайықов, Сәбит Мұқанов, Мұқағали Мақатаев сынды қаламгерлердің өмір деректері мен соғыс тақырыбындағы шығармаларынан үзінділер оқылды.Шараға 99240 әскери бөлім сарбаздары.
Арнаулы кітапхана филиалында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым» атты тарихи кеші өткізілді.
Шара барысында Қасым Қайсенов, Бауыржан Момышұлы, Баубек Бұлқышов, Рақымжан Қошқарбаев, Алия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова туралы мәліметтер беріліп, тұрақты оқырмандарымыз Садырбаев Самрат, Досов Нұржан әсем әндерімен әрлеп, №18 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары ақындардың батырлар жайлы жазған өлең жолдарын оқыды.
Мерекеге арналған «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.
https://www.instagram.com/zagiptar_kitapkhanasy_aktau/reel/DJV_Mp0MwNu/
Маңғыстау креатив алаңында: 8-қазан күні Қалалық Мәслихат депутаттарының ...
2025 жылдың қазан айы Маңғыстау креатив алаңында жемісті де мазмұнды айлардың бірі ...
23 қазан күні облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен ...
15 қазан күні облыстық кітапханасының Өнер секторында Халықаралық музыка күніне ...
8 қазан күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында «Бір өлке – бір тұлға» ...
Облыстық кітапханасының Балалар әдебиеттер бөлімінде 8-қазан күні балалар ақыны ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының арнаулы ...
15 қазан - Халықаралық Ақ таяқ күніне орай зағип жандарға арналған кітапхана ...
Облыстық кітапханамызда дәстүрге айналған іс-шаралардың біреуі - 18-наурыз - ...
Облыстық кітапханасының Мерзімді басылымдар залы Жаңаөзен газетінің 35 ...
























