Халықтар арасындағы мәдени ынтымақтастық
30-мамыр күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Әбіш Кекілбайұлы атындағы конференц залында Иран Ислам Республикасының елшілігі кітаптарды сыйға тарту рәсімін өткізді. Салтанатты шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, құрметті қонақтар және кітапхана оқырмандары қатысты. Іс-шара барысында Шетел әдебиеттер залында Иран әдебиеттері бұрышы ресми түрде ашылып, жаңа сөрелерге қойылған кітаптар оқырмандарға таныстырылды.
Сонымен қатар, шара аясында ұлы парсы ақыны Фирдоусидің шығармашылығы мен мұрасы туралы естеліктер айтылды. Иран делегациясы өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Бұл шара – халықтар арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Барлық оқырмандарды Иран әдебиетінің бай мұрасымен және Фирдоуси шығармаларымен танысуға шақырамыз!
1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...
15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" ...
"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...
Біздің Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Өнер ...
К 75-ти летию Победы в Великой отечественной войне(1941-1945)г.г. был посвящён ...
Біздің кітапханада бірнеше үйірмелер, клубтар жұмыс жасайды. Соның ішінде өнер ...
Қабиболла Сыдиықов ат-ғы Маңғыстау облыстық кітапханасында оқырмандардың әр ...
1 наурыз күні кітапханамыздың балалар бөлімінде кітапханаға саяхат ...
Қазіргі кездегі Каспий экологиясы, Қошқар ата көлінің ластануы, халықты зардап ...