Сауатты бол: Біл. Үйрен. Іске асыр.
Облыстық кітапханасының Маңғыстау креатив алаңында 3 қараша күні құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған ауқымды семинар өтті.
Ұйымдастырушы — Қорлан Адамбаева, спикерлер — Камила Олжекен мен Анара Битебаева. Шара ОЮЛ “Қазақстандық Ассоциация Даму” ұйымының “Сауатты бол” жобасы аясында өткізілді.
50 адам қатысқан бұл іс-шарада азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру, күнделікті өмірде кездесетін заңдық мәселелерді дұрыс шешу, құқық қорғау жүйесіне қатысты сауалдарға жауап беру секілді тақырыптар жан-жақты қарастырылды. Спикерлер қатысушылармен пікір алмаса отырып, нақты мысалдар арқылы заң нормаларын түсіндірді. Шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
https://www.instagram.com/reel/DQmTM8NDObR/?igsh=NmV2enEwZWp2dHF6
16 қараша күні "Маңғыстау Руханият" қоғамдық қорының директоры, “Байтақ” жасылдар партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Аллаберген Қонарбаевтың қатысуымен экология мәселелеріне арналған жиналыс өтті. Отырыста өңірдің экологиялық ахуалы, қоршаған ортаны қорғау үшін атқарылатын шаралар, экологиялық мәдениет қалыптастыру мәселелері талқыланды. Табиғатты қорғаудағы қоғамдық ұйымдардың рөлі, жастарды экология саласына тарту жолдары туралы маңызды ұсыныстар айтылды. Жиналыс мазмұнды әрі өзекті тақырыптарды қамтыды.
Сол күні отбасылық құндылықтарға арналған тақырыптық тренинг өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Аралбаев Қанат, ал тренингтің негізгі спикері ретінде Оразымбетова Алмагүл Багиевна қатысты. Тренинг қатысушыларға отбасы ішіндегі қарым-қатынасты нығайту, ата-ана мен бала арасындағы түсіністікті арттыру, сондай-ақ отбасылық тәрбие мен құндылықтарды дамытуға арналған маңызды мәліметтер ұсынылды.
Оқытушы қатысушылармен интерактивті тапсырмалар орындап, тәжірибелік мысалдар арқылы отбасыдағы үйлесімділікті сақтау жолдарын түсіндірді.
Республика жастарының жиналысы
12-қараша күні Республика жастарының жиналысы болды. Кездесуді ұйымдастырған — Ермұхан Рахметоллаұлы.
Кездесу барысында жастар саясат, қоғамдық белсенділік, еріктілік, білім беру және әлеуметтік жобалар жөнінде пікір алмасты. Сонымен бірге жастардың жеке бастамалары мен болашаққа арналған ұсыныстарын талқылау үшін ашық пікірталас ұйымдастырылды.
Жиналысқа қатысушылар әрқайсысы өз ойы мен ұсынысын білдіріп, ортақ мәселелер бойынша ортақ шешімдер қабылдауға атсалысты.
27.11.2025 “Талпын Халық 2025” жобасының жартылай финалы мен финалына арналған іс-шаралар барысында тәжірибелі кәсіби бизнес-менторлар қатысушыларға арнайы тренинг өткізді. Ұйымдастырушы әрі спикер: Бибігүл Кәкімжанқызы. Бағдарлама шеңберінде келесі маңызды бағыттар қамтылды:
•Көшбасшылық дағдыларын дамыту бойынша практикалық сабақтар жүргізілді;
•Жобаны сәтті қорғау және питчинг жасау әдістері түсіндіріліп, нақты мысалдар арқылы көрсетілді;
•Әрбір қатысушының жобасы жан-жақты талданып, одан әрі жетілдіру үшін құнды ұсыныстар мен кәсіби кеңестер берілді.
•Мастер класс 09.00-17.00 аралығында өтті және жобамен 50-60 адам қатысты.
Барлық аталған тренингтер мен тәжірибелік кездесулер өткен айда сәтті өткізілді және қатысушылар үшін пайдалы білім мен тәжірибе алаңы болды.
"Парасат жолы" орталығының жаңалықтары. Бүгін облысымызға іс сапармен келген ...
ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ 10 наурыз Ұлттық кітап күніне орай ...
1 наурыз күні кітапханамызда "Алғыс айтам саған, оқырман!" атты мерекелік кеш ...
Биыл Мемлекет және қоғам қайраткері Т.Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ...
Бүгін кітапханамызда «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығының салтанатты ашылуы болып ...
«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ...
МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ...
"Ажур+" қолөнер үйірмесіне шақырамыз! Мақсаты: үйірме арқылы пайдаланушыларды ...
Библиомарафон( ашық аспан аясында): “Тәуелсіздік - тәңірден келген тәтті сый” ...
26 қаңтар күні ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен "Қазақстан ...

























