«Жүз кітап- рухани мұра»
Төл әдебиетіміздегі 100 танымал кітапты іріктеп алуға арналған жалпыұлттық сауалнаманың қорытындысы бойынша Жаңаөзен қаласы «Орталық қалалық кітапхана» ММ-де және қалалық, ауылдық кітапхана филиалдарында түрлі форматта іс-шаралар, кітап көрмелер, сөрелер ұйымдастырылып, өткізілді. 22-қазан күні орталық кітапханада «Жүз кітап - рухани мұра» атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге таңдалған шығармалар қойылып, оқырмандарға, кітапхана келушілеріне таныстырылды.
23-қазан күні Қызылсай ауылдық кітапханасында «Қазақ әдебиетіндегі таңдаулы 100 кітап» жобасына арналған кітап оқуға шақыру, кітап оқу мәдениетін дамыту, шығармалармен таныстыру, таңдалған 100 кітапты насихаттау мақсатымен «Әлемді танытқан 100 кітап» атты кітап көрмесі жасақталып, оқырмандар назарына ұсынылды.
Кендірлі ауылдық кітапханасында «100 кітап - рухани байлық бастауы» жылдық кітап көрмесі ұйымдастырылып, іс-шаралар өткізілді. Іс-шараларда қазақ және әлем әдбиетіндегі ең үздік туындылар талқыланып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандар белсенділік танытып, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
10-қазан күні Жасөспірімдер кітапханасында «Таңдаулы 100 кітап» жобасы аясында «Оқуға тиіс 100 кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы “Үздік ...
16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" ...
9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...
3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...
Бистро Fusion-де ашылды! Жақында Napoli кафесінде ашылады! ...
Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...
1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...
15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" ...
"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...






















